[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұстаз мерейі

    04.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ұстаз мерейі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қашанда сабырлы қалпынан айнымайтын осы бір жылы жүзді жайдары ананың бойындағы адалдық, мейірімділік, еңбекқорлық көпке үлгі. Қарғалы ауылының тұрғындары оны қатты құрметтейді. Өйткені Клара Әбиеваның өмір жолы жас ұрпақ үшін өнеге.

    Ол 1935 жылы Астрахань облысында туған. Замандастары сияқты оның да балалық шағы соғыс жылдарына тап келіп, қаршадай қыз тылдағы еңбекке тым ерте тартылыпты. Анасымен бірге майдан үшін шұлық, қолғап тоқыды. Соғыс аяқталған соң 1946 жылы отбасы Алматыға көшіп келіп, ол №12 қазақ мектебінде білім алды. Ол кезде мұғалімнің беделі бәрінен биік көрінетін. Елдегі ең қадірлі адам еді. Халықтың сауатын ашып, санасына білім нәрін құятын мамандық үлкен мәртебе саналатын. Жастайынан еңбекпен ысылып, дүниенің дидарына көкірек көзімен үңілген кішкентай Клара да мұғалім болуды мектеп қабырғасынан армандаған. Сол арман жетегімен сабағын өте жақсы оқып, 7-сыныпты бітіргеннен кейін сол кездегі аты әйгілі М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесіне оқуға түседі.
    Алайда оның бойында әншілік дарын бар еді. Сабақтан тыс уақытта көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, күмістей сыңғырлаған нәзік дауысымен ерекшелене бастайды. Сонда әнші болсам деген ой да қылаң береді. Аталған оқу орнын бітірісімен 1955 жылы Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесінің әнші-дирижерлық бөліміне түседі. Оны аяқтаған соң Қазақ мемлекеттік Б.Байқадамов атындағы хор-капелласында әнші болып жұмыс істеді. Алайда сахнаға деген ынтызарлықтан гөрі бала кездегі арманы басым түсіп, ұстаздыққа қайырылады. Тұрмысқа шыққаннан кейін отбасымен Жамбыл ауданының Қарғалы ауылына қоныс аударады. Ұстаздық жолын осындағы №1 орта мектепте аға пионер жетекшісі болып бастайды. Ол мектепті атақты майдангер-педагог, Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсәметов басқаратын. «Мен Құдыс Әбсәметовтің шәкірті болғанымды мақтан етемін. Ол аса білгір басшы, тамаша адам болатын. Сол мектепте өмірлік мол тәжірибе жинадым. Сондай ұжымға тап болған тағдырыма ризамын. Онда керемет педагогтар еңбек етті», – деп Клара Хайруллақызы еске алады.
    Жас маман үлкеннен үйре­нуден, тәлім алудан жалықпады, аса ыждаһат­тықпен ізденуден танбады. Бұл ұмтылысы өз нәти­жесін берді де. Сол мектепте қысқа уақытта оқушы, әріптес, ата-аналардың құрметіне ие болды. Жұмыс істей жүріп қазіргі Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің тарих факультетін сырттай бітіріп, мұғалім болады. Ұйымдастырушылық қабілеті, жұмысқа деген жоғары жауапкершілігі оны қызметте абырой биігінен көрсетті. Өз пәнінің білгірі сөзге шешендігімен ерекшеленіп, ұзақ жыл бойы мектептің партия ұйымын басқарады. Ал 1982 жылы Қарғалыдағы сегізжылдық мектептің директорлығына тағайындалады. Клара Әбиеваның белсенділігінің арқасында 1984 жылы мектептің үш қабатты жаңа ғимараты салынып, №3 мектеп болып қайта құрылады, өзі соның алғашқы директоры болады. Кейін сол білім ұясына дарынды композитор Әсет Бейсеуов есімі берілді.
    Жұмыс істеген жылдары үнемі көркемөнерпаздар байқауына қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүрді. Сонымен қатар қоғамдық істермен белсенді айналысты. Отағасы Кәкен Қуанышбайұлы жан-жарын үнемі қолдап отырды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, 1980-жылдардың аяғы мен 1990-жылдардың басында сол кездегі «Қарғалы» шұға комбинатының ардагерлер хорының белді мүшесі болды. Әнімен тыңдарманды тамсандырған Клара Хайруллақызы 2010 жылы «Асыл әже, ару келін» фольклорлық ансамблін құрды. Ол кезде жасы 75-те еді. Айналасына өзі сияқты өнерлі апаларды жиды. Ондағы мақсат жас ұрпаққа өнеге көрсету, елі мен жерін сүюді, ұлттық құндылықтарын қастерлеуді бойына сіңіру еді. Ауыл ансамблі соған сай дәстүрлі халық әндерін, айтылмай кеткен әуен-жырды жаңғыртып, елге таратты. Қысқа уақытта өнер ұжымы облысқа ғана емес, республикаға танылды. Қала, ауылдарда концерт қойды. Тіпті Алматыдағы Республика сарайының сахнасында өнер көрсетті.
    Қарғалы ауылының «Асыл әже, ару келін» ансамбліне биыл 15 жыл толса, оны ұйымдастырып, көркемдік жетекшісі болған Клара апа 90 жасқа келіп отыр. Аймақтың білім беру және мәдениет саласына қосқан елеулі еңбегіне сай Клара Әбиеваға бұдан біраз жыл бұрын ауданның Құрметті азаматы атағы берілген. Апамыз жұбайымен бірге ұл-қыз тәрбиелеп, өнегелі ұрпақ өсірді. Ұлы Алтай, қыздары Гүлнар мен Гүлмира жоғары білімді, ата-ананың тәлімді тәрбиесін бойға сіңірген адал перзенттер. Ата-аналары олардан немере-шөбере сүйді. Жуырда қарғалылықтар Клара Хайруллақызының мерейтойын атап өтті. Жан-жақтан құттықтаушылар ағылып келіп, қарт ұстаздың құшағын гүлге, жүрегін қуанышқа толтырды. Олардың арасында жастары сексеннен асқан шәкірттері де болды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Журналист мамандығын даярлаудағы жаңашылдық

    Журналист мамандығын даярлаудағы жаңашылдық

    3 months ago
    Есімдері әуежайға берілсе

    Есімдері әуежайға берілсе

    1 year ago
    Алатауды аралағанда…

    Алатауды аралағанда…

    3 months ago
    Көшеде сауда жасағандарға базардан орын ұсынылды

    Көшеде сауда жасағандарға базардан орын ұсынылды

    2 years ago
    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    ЗАМАНАУИ БІЛІМ АЛАҢЫ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>