⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    28.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЗАУЫТ  ЖҰМЫСШЫЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         «БЕНТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, Іле аудандық мәслихатының депутаты Дінмұхамед Кузиев Республика күні мерекесіне орай әрі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өндірісте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан майталмай мамандар мен үздік жас қызметкерлерді марапаттады.


    Дінмұхамед Ділмұратұлы өз сөзінде: «Бүгінгі күні зауытта үлкен өзгеріс орын алып жатыр. Жаңа цех бөлімі алғашқы табысына қол жеткізіп, ортамызға жаңа қызметкерлер қосылуда. Барлығымыздың мақсатымыз – бір. Елге, жерге қызмет ету, экономикамыздың дамуына үлес қосу. Таң атпай зауытқа келіп біреуіңіз станоктың алдында тұрып, екіншілеріңіз өнімнің сапасын бақылап, енді біріңіз өнімді сыртқа сатудағы қиындықтарға қарамай еңбектің ащы терін төгесіздер. Өндірістің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатырсыздар. Сіздерге көп рақмет!» – деді.
    Мерекеге орай 24 жұмысшы марапатталды. Олардың бірқатары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, біразы ҚР Көлік министрлігінің, сондай-ақ облыс әкімінің, серіктестік басшысының Алғыс хаттарын иеленді.
    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен арнайы марапат қағазын алған Асланхан Алмасханұлы: «Мен бүгін таңертең ғана түнгі ауысымнан шыққан едім. Марапаттайды деп ойламадым. Бетондарды араластыру цехында слесарь болып жұмыс жасаймын. Еңбегімді елеп-ескеріп, марапатқа ұсынып жатқанына ұжым басшылығына алғысым шексіз», – деді


    Байқағанымыздай, темірбетон және ауыр теміржол шпалдарын өндіретін зауытта нәзік жандылар да жұмыс істейді екен. Осы ретте Көлік министрінің марапатын алған Әйгерім Сыдықовамен тілдескен едік. Ол: «Менің зауытта жұмыс жасағаныма көп бола қойған жоқ. Бірақ жас маман ретінде ынталандырып, Алғыс хатпен марапаттап жатқанына алғыс айтамын. Ұжым басшылығының алға қойған мақсатына жұмылған жұдырықтай бірге жетеміз деп сенемін», – деді.


    Жаңа өндіріс деп отырғанымыз – «Fasteners Metal» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы облысының аумағында ашылған Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны. Өндіріс ошағы рельсті бекітудің барлық бөлшегін, оның ішінде 3 полимерлі бөлшекті, дюбель, бұрыштық бағыттаушы тақта, рельс астындағы төсем және болаттан теміржол бұрандасын өндіреді. Кәсіпорын Қытай Халық Республикасының ірі теміржол холдингтерінің бірі «GK Railways»-пен бірлесіп құрылды. Компания жоғары жылдамдықты жүрдек пойыздардың теміржолдары үшін жасалатын жол құрылымының материалдарын дайындаумен және жеткізумен айналысады. Олар өз өнімдерін әлемнің 15-тен астам еліне, оның ішінде АҚШ, Испания, Италия, Англия, Оңтүстік Америка, Қазақстанға экспорттайды. Осы бастаманың басы-қасында «Фирма» БЕНТ» компаниясы тұр. Фирмада темірбетон конструкциялары, автоклавты газоблоктар, қиыршық тастар өндіріледі. Сонымен қатар материалдардың 400-ден астам түрін сынау мүмкіндігі бар зертхана жұмыс істейді. Кәсіпорынның 11 техникалық мамандық бойынша жұмыссыздарды оқытуға арналған оқу орталығы да бар. Мұнда зауытқа қажетті мамандар даярланады. Өткен жылы «GK Railways» компаниясы жол бұрандалары мен серпімді терминалдарды өндіруге арналған заманауи жабдықтарды ұсынды. Оның өндірістік қуаты жылына 1 500 000 жол бұрандасы мен 2 000 000 серпімді терминалды құрайды. Қазақстан үшін бірегей өндіріс ошағы болып саналатын кәсіпорын жұмысы роботтандырылған қондырғылармен адамның қатысуынсыз толығымен автоматты түрде жүргізіледі. Бір робот үш адамның жұмысын істейді. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің сапасын жақсартуға мол мүмкіндік ашып отыр. Барлық қажетті құрылғымен жабдықталған зертхана келіп түсетін шикізаттық материалдарға толық кіріс бақылауды және дайын өнімге шығыс бақылауды жүзеге асырады. Елдегі үлкен қажеттілікті өтеумен қатар, бұл өнімдер ТМД елдеріне, соның ішінде Ресей Федерациясына, Қырғызстанға экспортталады. Компанияда 600 адам жұмыс істейді, бұған қосымша тағы 400-ден астам жұмыс орны құрылған. Жұмысшылардың жалақысы 380000 теңгені құрайды. Зауыттың барлық кәсіпорнында цифрландыру, жаңғырту және автоматтандыру жүргізілген. Десе де, ұжым басшысы адамзаттың қара күшінсіз зауытта ешбір жұмыс бітпейді деген ұстанымда. Марапаттау барысында Дінмұхамед Кузиев жыл соңында зауыттың үздік жұмысшыларына үстеме айлық берілетінін әрі сый-сияпат жасалатынын да айта кетті.

    Бағдат ШОЙБАС
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    9 months ago
    Қонаевта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

    Қонаевта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

    4 days ago
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

    9 months ago
    Малы саудың – жаны сау

    Малы саудың – жаны сау

    11 months ago
    КЕШЕНДІ ЖОСПАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

    КЕШЕНДІ ЖОСПАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>