⛅
12°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ

    18.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Мереке
    ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

         Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шара қаланың орталық алаңынан бастау алды.

    Салтанатты жиында облыстық төтен­ше жағдайлар департаментінің туы әкелініп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалған соң, облыс әкімінің кеңесшісі Нұржан Құдайбергенов жиналған қауымды Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Нұржан Кеңесұлы өрт сөндіру бөлі­мінің бөлімше командирлеріне, қыз­меткерлеріне, бөлім басшылары мен сала ардагерлеріне облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
    Келесі кезекте облыстық төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Қабылов сөз алып, 30 жыл ішінде тілсіз жауды ауыздықтау, тағы басқа да төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қазіргі ардагерлердің еңбек сіңіргенін атап өтті. Одан кейін мінберге шыққан «Элитстрой құрылыс компаниясы» ЖШС вице-президенті Лаура Орынбасарқызы 2 қызметкерге пәтер кілтін табыс етті. Одан кейін алаңда бас қосқан жұртшылық өрт сөндіру техникаларының және басқа да көліктер мен құрал-жабдықтар көрмесін тамашалады.
    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты шара одан әрі қалалық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Жиналған көпшілік төтенше жағдай кезіндегі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алған соң, алғашқы құттықтау сөз облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбековке берілді.
    – Бұл мереке – батырлық пен шы­найы борыштың, адам өмірін сақтауға бағытталған адал қызметтің салтанаты. Сіздер – төтенше сәттерде тайсалмай, ел амандығы мен халық тыныштығы үшін аянбай тер төгіп жүрген қайсар да адал азаматсыздар. Әрбір құтқарылған өмір, аман қалған тағдыр – сіздердің ерлік пен жанқиярлық еңбектеріңіздің жемісі. Отыз жылдық тарих – кәсіби шеберліктің, табандылықтың, үздіксіз дамудың айғағы. Бүгінде Мемлекет басшысы, министр және облыс әкімінің қолдауымен заманауи техникамен, әуе көліктерімен, сапалы құрал-жаб­дықпен қамтамасыз етілуде, – деген департамент басшысы ардагерлердің мол тәжірибесі жас мамандар үшін баға жетпес мұра екенін, олардың ерлік пен адалдықтың үлгісін көрсеткенін баса айтты.
    Сахна төрінде Дәурен Дәулетқан­ұлы сала ардагерлері мен қызметкерлерге «Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Сонымен бірге облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының жедел кезекшісі Болат Махметұлы «Құтқарушы» төсбелгісімен мара­патталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкер мен ардагерлерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хаттары берілді.
    Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    8 months ago
    Қонаев қаласында құқық қорғау органдары жаттығу өткізіп жатыр

    Қонаев қаласында құқық қорғау органдары жаттығу өткізіп жатыр

    3 years ago
    Энергетикаға инвестиция: «Тарифті инвестицияға айырбастау» – жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашады

    Энергетикаға инвестиция: «Тарифті инвестицияға айырбастау» – жаңғыртуға жаңа мүмкіндіктер ашады

    5 months ago
    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    2 years ago
    Ана мен бала – ұлт байлығы

    Ана мен бала – ұлт байлығы

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>