⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеңісті жолын жалғады

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жеңісті жолын жалғады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қарасай ауданындағы «Nur-Aman» спорт кешенінде еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ілияс Жұмайды еске алуға арналған ашық респуб­ликалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 200-ден астам жас балуан қатысты.

    Турнирдің ашылу салтанатында спорт саласының өкілдері Ілияс Жұмайдың спорттағы табандылығы мен еңбекқорлығына тоқталып, жеңісті сәттерін еске алды.
    «Бұл жарыс – балуанға деген құрметтің белгісі. Кезінде спортшының ел мерейін үстем еткен жеңістеріне бәріміз куә болдық. Ол әлі де талай дүбірлі додаларда топ жарып, абыройымызды асқақтатар еді. Әттең, ғұмыры тым қысқа болды. Жиырмадан енді асқан шағында өмірден озды. Ілияс Жұмай атындағы бүгінгі турнир жас балуандардың әлемдік жарысқа шығуына жол ашады деп сенемін», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ақжүрек Таңатаров.
    Айта кетейік, Ілияс Жұмай – еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионы, 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының, сондай-ақ үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған беделді халықаралық турнир­дің жеңімпазы. Оның есімі қазақ спортының тарихында мәңгі қалады.
    «Биыл алғаш рет аталған жарыс республикалық деңгейге көтерілді. Одан да маңыздысы – жарыстың ашық мәртебесі көрші елдерден келген спортшылардың қатысуына мүмкіндік берді. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстандағы әріптестеріміз біздің шақыруымызды қуана қабылдады», – деді жарыстың бас төрешісі Қуаныш Ботабаев.
    Үш күнге созылған турнир тартыс­ты өтті. Жас балуандар 55 келіден бастап, 130 келіден жоғары 10 салмақ дәре­жесінде бәсекеге түсті. Бозкілемдегі белдесулер жанкүйер­лердің делебесін қоздырды. Қарсылас шақ келтірмеген спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Өз тілшіміз
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    2 years ago
    Ата салтым – қазынам

    Ата салтым – қазынам

    3 months ago
    Кәсіпкер кинотеатр ашты

    Кәсіпкер кинотеатр ашты

    2 years ago
    Күй қыраны

    Күй қыраны

    12 months ago
    Президент: Мемлекеттің күші – ғылымда

    Президент: Мемлекеттің күші – ғылымда

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>