Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі У.С. Қалжанов Алматы облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ж.А. Көптілеуовамен, Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлімінің басшысы М.Ж. Дүнгенбекпен бірлесіп, Алматы облысының Су ресурстары және ирригация басқармасының қызметкерлері үшін семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында Әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, діни қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары түсіндірілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуының, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуының, көлікті масаң күйде басқаруының алдын алу мәселелері қаралды.




