⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АГРОКЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    03.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    АГРОКЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Қонаев қаласында «Қапшағай бидай өнімдері» агро­кешені жұмысын баста­ды. 15 миллиард теңге­ден астам инвестиция салын­ған, өндірістік қуаты жылына 1 миллион тоннадан асатын астық пен майлы дақылдарды терең өңдеуге арналған кәсіпорынның сал­танатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа зауыттың инновациялық және экспортқа бағдарланған өндірістің үлгісі болатынын атап өтті.

    – Көп жылғы тарихы бар «Қапшағай бидай өнімдері» зауыты қайта жаңғыртылып, жаңа серпін алуы ерекше маңызға ие. Алматы облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып қала береді. Қолайлы географиялық жағдай, дамыған инфрақұрылым және инвесторларды қолдау агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытатын жобаларды одан әрі қолдайтын боламыз. Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – өте өзекті мәселенің бірі. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы саладағы зауыттар іске қосылуда. Соның бірі – 40 жылдық тарихы бар «Қапшағай бидай өнімдері» зауыты. Бірақ өндіріс ошағы 25 жылдай жұмыс істемей, ғимараттары бос тұрған. Былтырдан бері отандық және қытайлық инвесторлар оны қайта жаңғыртудан өткізді. Мұнда бидай терең өңделіп, экспортқа шығарылады, – деді Марат Елеусізұлы.
    Салтанатты шарада ҚР Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі саналатынын айта келіп, «Қапшағай бидай өнімдері» зауытын іске қосу бизнес пен мемлекеттің бір бағытқа бет бұрғанын көрсететінін тілге тиек етті. Мұндай кәсіпорындар жергілікті жерлерде тұрақты эконо­миканы қалыптастыратынын және агросекторды бәсекеге қабілетті ететінін айтты.
    Қытай Халық Республикасынан келген серіктестер зауыттың әлеуеті мен шығаратын өнім түрлері, еңбек ресурсы, әлеуметтік кепілдік жайлы хабардар етті.
    Жаңа зауыттың лентасын қию мен қызыл түймені басу арқылы символдық іске қосу және локомотивтің дыбыстық сигналы рәсімінен кейін қонақтар кешеннің өндірістік қуаттылығымен және нысанның макетімен танысты.
    Ауыл шаруашылығы саласында Алматы облысындағы екінші ірі кәсіпорын жарқын болашақта астық өңдеу мен отандық өнімді экспорт­тауды дамыту үшін қосымша мүмкін­діктер ашады. Толық циклді өндіріске элеватор, ұн, құрама жем және өсімдік майын шығаратын цехтар, шикізат пен дайын өнім қоймалары, зертхана, қазандық, локомотив депосы және асханасы бар әкімшілік корпус кіреді. Аумақта теміржол, тазарту қондырғылары, өрт инфрақұрылы­мы және екі бақылау-өткізу пункті орналасқан. Технологиялық жабдық ұн мен майдан бастап мал азығына дейін шығаруға мүмкіндік береді. Кешенді құру сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемін ұлғайтып қана қоймай, өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Зауыт елдің азық-түлік қауіп­сіздігін нығайтудағы маңызды буын және агроөңдеу саласындағы мемлекет пен бизнестің табысты өзара іс-қимылының үлгісі болады деп күтілуде.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті

    Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті

    8 months ago
    Байсеркеде алғаш рет жаңа жылдық авиашоу өтеді

    Байсеркеде алғаш рет жаңа жылдық авиашоу өтеді

    1 month ago
    VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

    VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

    3 years ago
    Көрнекі ақпарат көңілден шыға ма?

    Көрнекі ақпарат көңілден шыға ма?

    8 months ago
    Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр

    Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>