☀️
2°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ахаттың аманаты

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ахаттың аманаты
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Жамбыл ауданының орта­лығы Ұзынағашта белгілі суретші, мүсінші, ұстаз, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Ахат Манапов атындағы өнер және білім орталығы ашылды. Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімдігі, өнер адамдары мен мәдениет қызмет­керлері, тұрғындар және суретші­нің туған-туыстары қатысты.

    Көпшілік алдында сөз алғандар Ахат Манаповтың ұрпаққа өнеге болар игілікті істерін тілге тиек етіп, естеліктерімен бөлісті. Мәңгілік сапарға аттанғанына жылға жуықта­ған аяулы жанның өнер саласында өнімді еңбек еткені, осы орталықтың құрылысын өзі бастап, аяқтауға жақын қалғанда тағдырдың жазуымен бақилық болғаны өкінішпен айтылды. Артын­да балаларды өнер-білімге баулитын мекеменің ашылуы дәтке қуат. Енді осы орталықтан талапты жастар тәлім алады.
    Өмірін сурет пен мүсіншілікке арнап, шәкірт тәрбиелеп, туған өлкесі­нің әсем табиғатын кенеп бетіне түсір­ген Ахат Манаповтың өнегесі туралы облыстың Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі атбегі Орынтай Әмірғалиев, Суретші­лер одағы Алматы және Жетісу облыс­тық филиалдарының төрағалары Марат Әбдіреев пен Жүнісхан Ермұхан сөз сөйледі.
    Орталықтың ашылу лентасы ­қиы­л­ып, келу­шілер ішін аралап көрді. Екі қабатты ғимарат­тың бірінші қабатын­да галерея залы ұйымдастырылған. Онда сурет­шінің әр жылдарда сал­ған кар­тина­лары қойылып, бір бұрышта Ахат Манаповтың өмірі мен шығар­машылығына арналған шағын мұражай жабдықталған. Екінші қабаты түгелдей оқу кабинеттеріне арналыпты. Заманауи ғимараттың бөлмелері кең де жарық, сабақ өткізуге ыңғайлы. Құрылысты суретшінің өзі жобалаған. Аяқтаған – оның ұлы, сәулетші Сәкен Ахатұлы. Бұл орталық – Манаповтар отбасының жекеменшігі.
    Ахат Артурұлы 1961 жылы 23 қыр­күй­екте Қарғалы ауылында туған. Мектеп қабыр­­ғасында жүргенде-ақ ұстаз­дары мен достарының портретін айныт­пай салуымен таңғалдырып, қабырға газетін безендірген. Мектеп бітірген 1978 жылы қазіргі Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінің көркемсурет-графика факультетіне оқуға түседі. Көптеген білікті ұстаздан тәлім алып, 1982 жылы оқуын аяқтайды. Туған ауылындағы орта мектепте сурет пәні мұғалімі, одан соң Ұзынағаш ауылындағы әкімшілік ғимараттар мен Мәдениет үйлерін безендіретін аудандық шеберханада суретші болып жұмыс істейді. Тоқырау жылдары шопанның ақ таяғын қолға алып, қойшы да болған. 2000 жылдардың басында мектеп мұғалімі, «Сәулет» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, ауданның бас сәулетшісі қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары жеке шығар­­ма­шылық жұмыспен айналысып, өнім­ді еңбек етті. Сурет өнерінің әртүрлі жанрында салған көптеген туын­дысы жоғары бағасын алды. Мүсінші ретінде де тарихи тұлғалар мен өнер адамдарының бейнесін сомдап, өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленді. Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін оған «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.
    Жаңадан ашылған «Ахат» өнер және білім орталығы енді болашақ суретші, мүсіншілердің шығармашылыққа шыңдалар мекені болмақ. Бойында өнер ұшқыны жылт еткен жастар осы жерден шабыт алып, тың туындыларды өмірге әкелеріне сенеміз. Елінің ардақты азаматы Ахат Манаповтың жылдық асы да сол күні таратылып, марқұмның аруағына Құран бағышталды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ел үмітін ақтаған

    Ел үмітін ақтаған

    2 years ago
    Талап күшейеді

    Талап күшейеді

    1 year ago
    Отбасы денсаулығын сақтайды

    Отбасы денсаулығын сақтайды

    4 months ago
    Әлем назарындағы аламан

    Әлем назарындағы аламан

    1 year ago
    «ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпін

    «ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпін

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>