[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев азаматтарды қабылдады

    05.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Партия
    Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев азаматтарды қабылдады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Өңір басшысының орынбасары «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың түйткілді мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

    Қабылдауға келген облыс тұрғындарын негізінен салық, жер пайдалану және кәсіпкерлік салаларындағы түйткілдер толғандырады. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері үшін бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін төмендету – басты тақырыптардың бірі болды.

    Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы кәсіпкерлер бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетуді сұрады.

    «Бұл салық түрін біздің ауданда шамамен жүзден астам жеке кәсіпкер пайдаланады. Төлем көлемі аса жоғары емес, сондықтан мөлшерлемені екі пайызға төмендету мәселесін қарастыруға мүмкіндік бар деп санаймыз. Бұл өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге де, есептілікті оңайлатқысы келетіндерге де тиімді болар еді», – деді аудан тұрғыны Шолпан Қасымбаева.

    Бұл мәселеге қатысты облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев түсініктеме берді. Оның айтуынша, салық мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім жергілікті мәслихаттармен тек келесі жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдануы мүмкін.

    «Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір облыс бойынша 3 480 кәсіпкер бөлшек салық режимімен жұмыс істейді. Бюджетке 5,7 млрд теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш екі есеге артқан. Сондықтан бұл салық түрі өз тиімділігін дәлелдеп отыр. Дегенмен кәсіпкерлердің ұсынысы ескеріліп, мәселе алдағы уақытта тағы қаралады», – деді Рустам Исатаев.

    Қабылдауда көтерілген тағы бір мәселе – Жамбыл ауданындағы экологиялық жағдай. Аудан тұрғыны Жәкен Үспанов Ұзынқарғалы өзенінің тартылып, экологиялық ахуалдың нашарлағанын айтты. Оның айтуынша, өзен Қарғалы ауылынан бастау алып, карьерлер маңында ағысын тоқтатып тұр. Тұрғындар өзен арнасын қалпына келтіру үшін арнайы су өткізгіш құбыр орнату және карьерлердің заңдылығын тексеру қажеттігін айтты.

    Рустам Исатаев бұл бағытта тиісті тексеру жүргізіліп, өзеннің табиғи арнасын қалпына келтіру шаралары қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ ол құм, қиыршық тас және өзге де пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерімен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын айтты.

    «Азаматтардың өтініштері негізінде тағы жеті заңсыз нысан анықтадық. Алдағы сейсенбіде арнайы комиссия отырысы өтеді. Басты мақсат – кінәлілерді жауапқа тарту, айыппұл салу және ең бастысы, бүлінген жерлерді қалпына келтіру. Заңсыз қазба жұмыстары салдарынан үлкен шұңқырлар қалып, тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төнуде. Бұл бағыттағы жұмысты аяқтап, келесі жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қоғамға есеп беруді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев.

    Қабылдау барысында Қонаев қаласының да бірқатар өзекті мәселелері көтерілді. Рустам Исатаев бұл бағыттағы жұмыстардың бақылауда екенін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

    Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары тиісті құрылымдарға тапсырмалар жүктеп, аталған мәселелердің шешілуін жеке бақылауына алатынын атап өтті.

    Еске сала кетейік, жыл басынан бері «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3 мыңнан астам азамат жүгінген.

    Ұсынымдар

    Суды тиімді пайдалану – уақыт талабы

    Суды тиімді пайдалану – уақыт талабы

    1 year ago
    Саяжай статусы өзгереді

    Саяжай статусы өзгереді

    1 year ago
    Медициналық сақтандырудың маңызы зор

    Медициналық сақтандырудың маңызы зор

    4 weeks ago
    Техникалық байқау құжаты таяуда цифрлы форматқа көшеді

    Техникалық байқау құжаты таяуда цифрлы форматқа көшеді

    2 years ago
    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>