⛅
6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

    01.11.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысында «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған жаңа агрококешен іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсімі 1 қараша күні Қонаев қаласында өтті. Іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, сондай-ақ бизнес өкілдері мен Қытайдан келген серіктестер қатысты.

    Жаңа зауыт өңірдің аграрлық секторындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жыл сайын 1 миллион тоннадан астам дайын өнім өндіруге мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард теңгеден асты. Бұл — Қаскелең қаласынан кейінгі Алматы облысындағы екінші осындай өндіріс орны.

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа агроөнеркәсіптік кешеннің іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының дамуына серпін беретініне тоқталды: «Алматы облысы – еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, инфрақұрылымның дамуы және инвесторларға жасалған қолдау агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсімін қамтамасыз етіп отыр. Біз қосылған құны жоғары өнім шығаратын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытатын жобаларды әрі қарай да қолдай береміз. “Қапшағай бидай өнімдері” инновациялық әрі экспортқа бағытталған өндірістің үлгісіне айналады», — деді өңір басшысы.

    Өз кезегінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл жобаның ел Президенті қойған нақты тапсырмамен ұштасатынын атап өтті: «Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу – Мемлекет басшысының тапсырмасы әрі саланың басым бағыты. “Қапшағай Бидай Өнімдері” зауытының іске қосылуы бизнес пен мемлекеттің ортақ мақсатқа – ауыл шаруашылығын тиімді етуге және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге ұмтылысын көрсетеді. Мұндай кәсіпорындар жергілікті экономиканы нығайтып, агросектордың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», — деді вице-министр.

    Рәсім соңында қонақтар зауыттың өндірістік қуатымен танысты. Қызыл түймені басу және локомотив гудогын іске қосу арқылы кәсіпорынның жұмысы ресми түрде басталды.

    Ұсынымдар

    Президент  бастамалары  қоғамға қозғау  салуда

    Президент бастамалары қоғамға қозғау салуда

    2 years ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Сингапур сауда және индустрия министрлігінің делегациясы Алматы облысына келді

    3 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

    3 weeks ago
    Шетелдіктер ынтызар

    Шетелдіктер ынтызар

    2 years ago
    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    Академия оқуға қабылдайды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>