[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында медициналық оңалту нәтижесінде бала өздігінен жүріп, сөйлей бастады

    17.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында медициналық оңалту нәтижесінде бала өздігінен жүріп, сөйлей бастады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Кеген аудандық ауруханасының балаларды оңалту бөлімі 2024 жылдың 21 қыркүйегінде ресми ашылып, бүгінгі күнге дейін Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарының оңалтуды қажет ететін балаларын амбулаторлық, емханалық және тәулік бойғы стационарлық режимде қабылдап келеді.
    Бөлімде «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорлары арқылы жалпы 240 млн теңгеге медициналық жабдықтар, жиһаздар, оқу-құрал-жабдықтар жеткізілді. Сонымен қатар, тұзды және шунгит шахталар, интерактивті және сенсорлы бөлмелер, иммерсионды және бальнеологиялық ванналар орнатылған. Тәулік бойғы стационарлық ем алу үшін 8 палатада 15 төсек-орын ұйымдастырылған.
    Бөлімшеде неврология, травматология, пульмонология және кардиология профильдері бойынша ем қабылдауға болады. 2025 жылы бөлімшеде жалпы 179 бала оңалтудан өтті, оның ішінде 2-ші кезеңде – 67, 3-ші кезеңде – 112 бала.
    Орталықтың ерекше жетістігі – науқас К.С. жағдайы. 2013 жылы туған бала 2024 жылдың сәуірінде ауыр ми жарақаты және инсульттан кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Алғашқы емнен кейін бала Кеген аудандық ауруханасының «Қамқорлық» Оңалту орталығында оңалтудан өтті.
    Бастапқыда бала мүгедектік арбасында отырды, оң қолы мен аяғының бұлшық ет күші 2 балл болды, сөйлеуі түсініксіз еді. Бірнеше рет өткізілген оңалту шараларының нәтижесінде қазіргі таңда бала өздігінен жүріп тұра алады, бұлшық ет күші 4 балға жетті, сөйлем құрап сөйлейді, заттарды толық ұстап, өзіне өзі қызмет көрсете алады.
    «Бұл біздің орталық үшін үлкен жеңіс және толағай табыс», – дейді бөлімше мамандары.
    Орталық алдағы уақытта да балалардың толыққанды оңалтуына бағытталған қызметін жалғастыра бермек.

    Ұсынымдар

    Жол сапасын қадағалау бойынша кеңес өтті

    Жол сапасын қадағалау бойынша кеңес өтті

    2 years ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    АЗАТТЫҚ АЙҒАҒЫ

    2 months ago
    ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ІЗГІЛІК

    ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ІЗГІЛІК

    10 months ago

    Мәңгі өшпейтін тағылым

    8 months ago
    Ой салған отырыс

    Ой салған отырыс

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>