☀️
14°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында мұздағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    19.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Алматы облысында мұздағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қармағын салып, балық аулап, керемет көңіл күймен демалыс өткізгісі келетін әуесқой балықшылар көп-ақ. Алайда қызық көремін деп, бір ғана шалыс қадамның соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметінің сақтық шараларын сақтауды үнемі ескертіп, дабыл қағатыны да сондықтан.
    Қыркүйек айынан бастап күзгі–қысқы балық аулау маусымы басталды. Осыған байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балық аулау кезіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру жұмыстарына басымдық беріліп отыр.
    Су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қауіпсіздік белгілерінің санын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданған.
    «Өзендер мен көл жағалауындағы арнайы ескерту тақтайшаларының санын ұлғайту үшін жауапты мекемелерге хат жолдадық. Сондай-ақ көпшіліктің жұқа мұзға шығуына шектеулер қойылды. Полиция басқармасымен бірлесіп, қысқы кезеңде су айдынында балаларды қараусыз қалдырған ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі пысықталуда», – деді Алматы облысы ТЖД ТЖЖБ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Самат Кенжехан.
    Жауаптылардың айтуынша, жыл басынан бері балық аулау кезеңінде қайғылы оқиға тіркелмеген. Тек шомылу маусымы кезінде 20 адам суға кеткен, оның төртеуі – бала.
    Қауіп аяқ астында. Сондықтан ескертуді елеусіз қалдыруға болмайды. Мәселен, Төтенше жағдайлар департаменті мұздың қалыңдығы кемінде 10–15 см болуы керектігін ескертеді. Мұзға шыққан жағдайда өзіңмен бірге кемінде 15 метрлік арқан, ысқырық және өзге де қажетті құралдарды алып жүру қажет. Сақтансаң – сақтайды!

    Соңғы жаңалықтар

    Шекарашылар сапына қосылды
    19.03.2026
    “Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!
    19.03.2026
    Казахстан вошёл в топ-40 экономик мира – данные международных аналитиков
    19.03.2026
    Energo University мен ҚР Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі арасында стратегиялық серіктестік орнады
    19.03.2026
    Ақынның көзін көрген
    19.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>