⛅
-2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Археологиядағы ынтымақтастық

    03.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Тарих
    Археологиядағы ынтымақтастық
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қазақстан археологиясының дамуына ерекше серпін беретін, маңызды ғылыми алаңға айналған «Есік оқулары» конференциясы биыл «Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» тақырыбында өтті.

    «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылған VI халықаралық ғылыми-тәжіри­белік конференцияға Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Әзербайжаннан, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген археологтар мен музей ісінің мамандары қатысып, археология саласындағы әріптестіктің тағы бір саты биіктей түсуіне өз үлестерін қосты.
    Биылғы конференцияның ерек­ше­лігі – ел тарихындағы бірқатар айтулы мерейтоймен тұспа-тұс келуі. Атап айтсақ, Алтын адамның табылғанына 55 жыл, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрылғанына 15 жыл, сондай-ақ көрнекті археолог-ғалым, Есік қорғандарын алғаш зерттеушілердің бірі Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің туғанына 90 жыл толып отыр.
    Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов ел аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және насихат­тау бағы­тында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады.
    Музей-қорық бүгінде тек көрме орталығы ғана емес, ғылыми-зерт­теу бағытын тұрақты дамытып келе жатқан маңызды құрылымға айналды. 2017 жылдан бері Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясындағы Археология институтымен тұрақты серіктестік орнатылып, бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Қытайдың Солтүстік-Батыс универ­ситетінің, Жібек жолы археологиясын зерттеу орталығының Қазақстандағы филиалы табысты жұмыс істеуде.
    Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстар өтті. Онда археологиялық ескерткіштерді сақтау мен тиімді пайдалану, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау әдістері, пәнаралық зерттеу тәсілдері, музей ісіндегі заманауи міндеттер сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің еңбектеріне де арнайы тоқталды.
    Жиын барысында «Рахат археоло­гиялық кешені» атты монография мен «Есік» мемлекеттік музей-қорығына арналған алғашқы қытай тіліндегі нұсқаулықтың тұсаукесері өтті. Бұл еңбектер Есік қорғандарының халықаралық деңгейде таныла түсуіне ықпал етпек. Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Талхиз ортағасырлық қалашығы аумағында «Талхиз қазыналары» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.
    «Есік оқулары» шеңберінде ғылы­ми ынтымақтастықпен қатар, жас археологтар мен музей қызметкерлері үшін тәжірибе алмасу мүмкіндігі кеңейді. Қатысушылар археологиялық зерттеу әдістері мен материалдық мәдени мұраларды цифрландыру жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
    Конференция қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұраны сақтау және тиімді пайдалану, археологиялық зерттеулердің теориялық әрі қолданбалы аспектілерін дамыту, халықаралық байланыстарды күшейту бағытындағы арнайы резолюция қабылданды. Бұл жиын археология ғылымының дамуына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға зор үлес қосатыны сөзсіз.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

    ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

    2 months ago
    Бау-бақшасы жайнаған

    Бау-бақшасы жайнаған

    1 year ago
    Алматы облысында күн күрт суытады

    Алматы облысында күн күрт суытады

    2 years ago
    Голубое топливо становится доступнее жителям Балхашского района

    Голубое топливо становится доступнее жителям Балхашского района

    3 months ago
    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>