☀️
8°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ата-ана алдында міндет зор

    25.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Ата-ана алдында міндет зор
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Бүгінде жасөспірімдер ара­сын­дағы суицид, буллинг, құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылық қоғамды алаңдатып отыр. Осы өзекті мәселелер Қаскелеңдегі Қарасай аудандық Мәдениет үйінде өткен кездесуде талқы­ланды. Іс-шара педагогтер мен ата-аналарға арналып ұйымдас­тырылды. Жиында облыстық және аудандық әкімдіктердің өкілдері, білім беру мекемелерінің мамандары, сондай-ақ прокура­тура мен полиция қызметкерлері сөз сөйледі. Олар аталған теріс құбылыс­тардың алдын алу бойынша тиімді тәсілдер мен рухани-психологиялық қолдау туралы өз ойларымен бөлісті.

    Жиынды облыс әкімі аппараты­ның бас инспекторы Айғана Асанова ашып, жүргізіп отырды. Мәселені айқындай келе, ол облыс бойынша кәмелетке толмағандар арасында суицидтің 11 жағдайы тіркелгенін айтты. Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғаға ата-аналармен арадағы қиын қарым-қатынас себеп болған. Сонымен қатар тағы 16 жасөспірім суицидке әрекет жасағаны анықталды. Осыған байланысты балаларға «150» және «111» байланыс нөмірлеріне тәуліктің кез келген уақытында хабарласуға болатынын еске салды.
    Тақырыпты Алматы облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгүл Есімбекова жалғастырды.
    – Ата-аналар балалардың өміріне, айна­ласына, оларды не толған­ды­ратынына, не қуантатынына мән беру қажет. Тек «Сабағың қалай өтті?» немесе «Қандай баға алдың?» деген сұрақтармен шектелуге болмайды, – деді спикер.
    Жиын барысында гаджеттер мен интернеттің, сондай-ақ ChatGPT секілді жаңа технологиялардың теріс әсері де айтылды. Мамандардың сөзінше, мұндай факторлар бала­ларды цифрлық аутизмге ұрын­дырып, сөйлеу мен психикалық дамудың кешеуілдеуіне, сондай-ақ тапсырмаларды өз бетінше орындауға құлықсыз болуына себеп болуы мүмкін.
    Айгүл Қанатқызы әр мектепте ата-аналарға қолдау көрсету орталық­тары жұмыс істейтінін де алға тартты. Сонымен бірге «Жанұя» отбасын қолдау орталығы және «Қазақстан психологтер қоғамы» респуб­ликалық ұйымы әзірлеген «Ата-ана универ­ситеті» платформасы ата-аналарға үлкен көмек болмақ. Кездесуде ата-аналарға аталған платформаға тіркелу жөнінде нұсқаулық берілді. Онда әртүрлі маңызды мәселе бойынша қазақ және орыс тілдерінде бейнематериалдармен танысуға, кеңес алуға, WhatsApp арқылы кері байланыс жасауға болады. Барлық ақпарат құпия түрде сақталатыны, тек ата-ананың жеке кабинетінде болатыны ерекше аталды.
    Қарасай аудандық прокуратурасы­ның өкілі Елнұр Амангелді отбасында балаларға ата-ананың назары мен қамқорлығы жетіспейтінін тілге тиек етті.
    – Көптеген ата-ана өз баласының телефондағы құпиясөзін білмейді, – деді ол. – Ал оларды күнде болмаса да, аптасына бір рет тексеріп тұрған жөн. Онда сақталған ақпараттан баланың немен айналысатынын, қандай ортасы бар екенін, не қызықтыратынын анықтауға болады. Бұл өте маңызды. Полиция инспекторы Айдын Жанарқұлов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Түнгі уақытта құқық­бұзушылықтар жиі тіркелетіні де әңгіме арқауына айналды. Ал заң бойынша кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде жүрмеуі тиіс. Ал облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкері Мөлдір Әміртай балалар ата-анасының айтқанымен емес, олардың қалай өмір сүретінімен тәрбиеленетінін ерекше атап өтті.
    – Біз балаларға «Шылым шекпе» дейміз, бірақ өзіміз шегеміз. «Ішімдік ішпе» дейміз, бірақ өзіміз ішеміз. Телефонға телміргені үшін оларды сөгіп, өзіміз де телефоннан бас алмаймыз. Балаларды алдау мүмкін емес, олар біздің өмірімізді бақылап, көп жағдайда мінез-құлқымызды көшіріп алады. Сондай-ақ балалармен уақыт өткізу, сөйлесу, жылы қарым-қатынас орнатудың қаншалықты маңызды екенін ұмытпаған жөн, – деді ол.
    Қарасай аудандық білім бөлімінің басшы­сы Әсел Еркімбаева ата-аналар­ға дастар­қан басында негативті әңгіме­лер қозғамауды сұрады, себебі бұл бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Ал ата-аналарға арналған жақсы ойлас­тырылған нұсқаулық ретінде Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» кітабын пайдалануды ұсынды.
    Кездесуді қорытындылаған Айғана Асанова айтылған ақпараттың барлығы ата-аналардың бала тәрбиесі бойын­ша жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақтың тағдырына тікелей қатысты маңызды мәселе.

    Қуат Қайранбаев

    Ұсынымдар

    Іле өзенінің бойы қоқыстан тазартылды

    Іле өзенінің бойы қоқыстан тазартылды

    8 months ago
    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    3 years ago
    Елтаңбаны өзгерту – уақыт күттірмейтін мәселе

    Ел қуаты – бірлікте

    2 years ago
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    2 months ago
    Мемлекеттік тіл

    Мемлекеттік қызметке үміткерлерден қазақ тілін білу талап етілуі мүмкін

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>