Перейти к содержимому
Главная страница » Бала – болашақ!

Бала – болашақ!

     Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы №1 орта мектебінде «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушы­лардың құнды­лық бағ­дарын қалыптастыруға бағыт­талған алқа отырысы өтті.

Жиынға Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова, аудан проку­ро­ры Жанәділ Сұлтансүлейман, сондай-ақ мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтар қатысты. Кеңес бары­сында мектеп оқушыларының құқық­тық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі сияқты маңызды тақырыптар жан-жақты талқыланды.
Шара барысында оқушылардың тәрбиелік бағыттағы іс-шараларға қатысу белсенділігін арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақ­­тастықты күшейту, әлеу­меттік қауіп-қатер аймағындағы балаларға профилактикалық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын соңында жауапты маман­дарға бірқатар тапсырма беріліп, атқарылатын жұмыстардың мерзімі мен бағыттары айқындалды. Сондай-ақ бұл тақырыптағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жүйелі түрде өткізіліп тұратыны айтылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы