⛅
13°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Басым бағыт айқындалды

    18.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Басым бағыт айқындалды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылық­тары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Бұл Жарлық елдің ішкі саясатын бір жүйеге келтіретін маңызды стратегиялық құжат­ ретінде ерекшеленеді.

    Бүгінгі таңда елді жүйелі жаңғыр­тудың жаңа кезеңінде мемлекет алдында ішкі саясат саласына қатысты екі деңгейлі міндет тұр. Оның біріншісі еліміздің ішкі және сыртқы ахуалға тиімді бейімделуін қамтамасыз ету болса, екіншісі – мемлекеттік институттар мен қоғамның жасампаздық бағыттағы өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын айқындау.
    Құжатта ұсынылған басты қағидат­тар мен құндылықтар мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастырудың маңызды бағдары мен тәсілдерін айқындайды. Байқағандарыңыздай, ішкі саясаттың басты мақсаты – мемлекеттілікті және ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы елдің дамуына жағдай жасау. Осы мақсатқа жету үшін ішкі саясаттың негізгі қағидаттары ретінде «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» сияқты бағыттар белгіленген. Бұл қағидаттар елдің құқықтық мәдениетін, демократиялық институттарын және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар құжатта жалпыұлттық құндылықтар жүйесі бекітілген. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық, кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық сияқты құндылықтар қамтылған. Олар қазақстандық қоғамды біріктіріп, азаматтардың ортақ мақсатқа ұмты­лысын арттыруға негізделген.
    Құжатта елдің тарихи-мәдени ерекшелігін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімі де көрсетілген. Бұған қоса, ішкі саясаттың басым бағыттары ретінде қоғамдық диалогты дамыту, этносаралық және конфессия­аралық келісімді нығайту, мәдени-гуманитарлық және ақпараттық саясатты жетілдіру, отбасылық және жастар саясатын қолдау шаралары белгіленген.
    Жалпы алғанда, бұл құжат мем­лекеттік органдарға ішкі саясат саласын­дағы қызметті жүйелі және үйлесімді түрде жүргізу үшін нақты бағдар береді. Яғни ол елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртуға және «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға арналған негізгі саяси-идеологиялық тұғырнама ретінде қызмет етеді. Сондықтан бұл құжат еліміздің жаңару кезеңінде ұлттық идеологияның, қоғамдық келісім мен әділеттіліктің негізін айқындайтын стратегиялық бағдарлама ретінде мемлекет пен қоғамның ортақ көзқарасын қалыптастыруға зор үлес қосады деп сенемін.

    Шолпан Қасымбаева,
    Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты,
    жеке кәсіпкер

    Ұсынымдар

    Аққуды күймен қайырған

    Аққуды күймен қайырған

    8 months ago
    Арманға айналған ала доп

    Арманға айналған ала доп

    1 year ago
    Энергия тапшылығы сезілуде

    Болашаққа батыл қадам

    1 year ago
    Келісім көкжиегі кең

    Келісім көкжиегі кең

    2 years ago
    Бар жақсылық – балаларға

    Бар жақсылық – балаларға

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>