[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділер марапатталды

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Белсенділер марапатталды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Биыл облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша «Paryz еріктілері» қоғамдық бірлестігі «SAQTAN» жобасы аясында түрлі шара өткізді. Мақсаты – жастар арасындағы нашақорлық, суицид, құмар ойындарға тәуелділік, зиянды әдеттердің таралуы және буллинг сияқты қоғам үшін үлкен алаңдаушылық туғызып отырған мәселелердің алдын алу.

    Осы жылдың мамыр айында бастал­ған шаралар алты ай бойы жалғасып, Қонаев қалалық кітапхана­сында өткен брифингте қорытын­дыланды. «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Айтқазының айтуынша, жоба алты бағыт бойынша жұмыс істеген. Алдымен мәселелер жиі туындаған елдімекендер мен колледждерде семинар­лар ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам жас қатысқан. Онда кәсіби психологтар мен сарапшылар жастарға тәуелділік түрлері және олардың психологиялық, әлеуметтік салдары туралы баяндап, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша тәжірибелік кеңестер берген. Есірткі жарнамасына қарсы күрес бағытында қоғамдық орындарда, көпқабатты үйлердің ауласында, аялдамалар мен оқу орындары маңында көп кездесетін граффити жазбалар өшірілген. Облыс бойынша 120 ерікті, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ журналистер мен блогерлер қатысқан 10 түнгі рейд жүргізілген. Нәтижесінде 137 әкімшілік хаттама толтырылып, ата-аналарға түсіндіру жұмысы атқарылған. Сондай-ақ жастар уақытын тиімді пайдалану үшін, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледж студенттері арасында спартакиада өткізілген. Футбол және волейбол жарысында 1700-ге жуық студент сынға түсіп, финалда 300-ден астам спортшы бақ сынаған. Жеңімпаздар ақшалай сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған бейнеүзінділер түсіріліп, «TikTok», «Instagram» және «YouTube» желі­лерінде жарияланған.
    – Әуелде жобаға 2000 адам қатыса­ды деп жоспарлағанбыз. Бірақ бұл межеден асып, шараларда бой көрсеткен жастар саны 3500-ден асты. Бұл жұмыстар әлеуметтік тапсырыс аясында іске асты. Дегенмен, жоба­ның маңыздылығын ескере отырып, қосымша шығынды талап етпейтін бағыттарды өз деңгейімізде алдағы уақытта да жалғастырамыз. Бұл бастама жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асырылуы қажет деп санаймыз, – деді Әділет Нұрболатұлы.
    Облыстық жастар саясаты жөнін­дегі басқарманың басшысы Мәди Ахметов өңірдің республикада жастардың саны бойынша Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысынан кейін төртінші орында тұрғанын, ал жалпы халық санының 30 пайызын құрайтынын айтып, ойын-сауық бағдарламалардан гөрі қоғамға пайдалы шаралар санын арттырып, бірлесе жұмыс істеу маңызды екенін тілге тиек етті. Шара қорытындысында «SAQTAN» жобасына белсене атсалысқан азамат­тарға Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    «Таза бейсенбі»: Қарасай ауданының тұрғындары көше бойынан 6 тонна қоқыс шығарды

    «Таза бейсенбі»: Қарасай ауданының тұрғындары көше бойынан 6 тонна қоқыс шығарды

    11 months ago
    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    2 years ago
    ЖАҚСЫНЫҢ ІСІ – ШАМШЫРАҚ

    ЖАҚСЫНЫҢ ІСІ – ШАМШЫРАҚ

    10 months ago
    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    3 years ago
    «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасуда

    Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>