[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім мен біліктілік бәсекесі

    13.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Білім мен біліктілік бәсекесі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қай кезеңде де еңбек адамының қоғамдағы орны ерекше екені даусыз. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық деңгейі ең алдымен кәсіби шеберлік пен жауапкершілікке байланысты. Заманауи өндіріс пен технологияны игеру, жаңа белестерді бағындыру өз ісін жетік меңгерген мамандардың ғана қолынан келеді.

    Техникалық және кәсіптік колледж­дерде оқып жүрген жастардың білім сапасын арттыруда ұстаздардың, өндірістік оқыту шеберлерінің еңбегі айрықша. Осы орайда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Шелек политехникалық колледжі базасында «Дәнекерлеу технологиясы» және «Жеңіл автомобильдерді жөндеу» құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің аймақтық конкурсы өтті.
    Байқауға облыс көлеміндегі 12 колледжден 24 қатысушы өзара бақ сынасты. Шараға облыстық білім басқармасының мамандары, Мансап орталығының өкілдері қатысты.
    «Кәсіби шеберлік – еңбек сапасының кепілі» тақырыбында өткен жиынды Шелек политехникалық колледжінің директоры Қуат Дүйсебаев ашып, конкурстың мақсаты мен міндетіне тоқталды. Ол педагогтер­дің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және еңбек сапасын жетілдіруге бағытталған шара­лардың маңызын атап өтті. Облыстық білім басқармасының бас маманы Ерболат Жұмагелдіұлы өз сөзінде еңбек адамдарының кәсіби шебер­лігін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау барысында олар заманауи өндіріс талаптарына сай білім мен тәжірибесін жан-жақты көрсетті.
    Конкурс қорытындысы бойынша «Дәнекерлеу ісі» бағытында бірінші орынды Жамбыл атындағы көпсалалы колледждің өкілі Ержан Дәуренбеков иеленді. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Шелек политехникалық колледжінен Жақып Бабахан мен Қаракемер кәсіптік колледжінің оқытушысы Саят Телеуов еншіледі.Ал «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша Қонаев көпсалалы колледжінің қатысушысы Айдын Ысқақов жеңімпаз атанды. Екінші орын Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушысы Әділет Әдебиетұлына, үшінші орын Қаракемер кәсіптік колледжінің өкілі Мұхтар Куанышбаевқа бұйырды.
    Осындай кәсіби шеберлік байқау­лары ұстаздардың тәжірибе алмасуына, білім мен біліктілікті ұштастыруына және еңбек нарығына сай мамандар даярлауға зор мүмкіндік береді. Бұл – еңбек адамына деген құрметтің, кәсіби­лік пен сапаға ұмтылыстың нақты көрінісі.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Шаруашылыққа серпін қажет

    Шаруашылыққа серпін қажет

    2 years ago
    Мерейлі мереке

    Мерейлі мереке

    1 year ago
    Тоқаев ішкі саясаттың стратегиялық бағыттарын бекітті

    Указом Главы государства утверждены основные принципы, ценности и направления внутренней политики Республики Казахстан

    2 months ago
    Алматы облысында республикалық жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр

    Алматы облысында республикалық жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр

    5 months ago
    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>