⛅
4°C
Қонаев
Жексенбі, Қараша 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлігі мен берекесі тасыған

    06.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бірлігі мен берекесі тасыған
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының «Семиречье» тәлімбағы аумағында дәстүрлі «Берекелі Түрген – ынтымақтың ордасы» атты жылдық қорытынды көрме өтті. Бұл іс-шара – бір жыл бойғы есіл еңбектің есебі мен ауылдың өсіп-өркендеуінің айқын көрінісі. Түрген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен көрменің мақсаты – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын саралап, үздік еңбек иелерін марапаттау, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын нығайту.

     

    «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, туған жердің жалауын биікте желбірету үшін жұдырықтай жұмыла білетін түргендіктер тәлімбақ аумағын үлкен көрме алаңына айналдырды. Ала жаздай бел жазбай еңбек еткен шаруалар еңбектің жемісін көріп, күзгі молшылықпен көңілдері тоқ. Көрмеге қойылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің сан алуандығы мен көптігі – сөзіміздің айғағы. Округке қарасты шаруа қожалықтары жыл бойғы жетістіктерін паш етіп, жиылған жұртқа табиғи таза өнімдерін ұсынды. Көрме сөрелерінен жеміс-жидек, бақша дақылдары, бал, сүт өнімдерінің түр-түрін кездестіруге болады. Атақты «Голд-Продукт» АҚ-дан бастап, қызанақ өнімдерін ұсынатын «Del pomo», «Адал алма», «Турген Эко-Продукт» сынды кәсібін дөңгелетіп отырған үлкенді-кішілі өндіріс орындары мен шаруа қожалықтары көрме қатарларын толықтырып тұр. Айналаны көгалдандыруға арналған сәндік өсімдіктердің тәлімбағы да арша, шырша мен гүлдердің алуан түрін ұсынып, көрмеге ерекше көрік берген. «Семиречье» тәлімбағының аумағында өсірілген жеміс-жидек көшеттері де көптің назарында болды. Сондай-ақ қонақтар аталған тәлімбақтың тәтті құлпынайлары мен өзге де жидектерінің дәмін татып, оң бағасын берді. Ауыл бағбандары өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерін ортаға салды.
    Бүгінде Түрген ауылдық округі халқының саны 13 927 адамға жеткен. Олардың ішінде экономикалық белсенді тұрғындар – 6450 адам. Ауылдың басты тіршілігі – егін және мал шаруашылығы. Биыл ауыл еңбеккерлері 266 гектардан астам егістік жерге арпа мен бидай сеуіп, мол өнім жинады. Сонымен қатар 305 гектар көпжылдық шөп дайындалды.


    Айтарлықтай өсім мал шаруашылығында да бар. Округ бойынша – 3114 ірі қара, 4559 қой-ешкі, 1059 жылқы өсірілуде. Бұл көрсеткіштер – ауыл еңбеккерлерінің маңдай терінің нәтижесі. «Кең дала» бағдарламасы аясында шаруашылықтарға 16 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетілген.
    Кәсіпкерлік саласында 694 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 42 дүкен ауыл тұрғындарын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуде. Кәсіпкер демекші, Түрген ауылдық округінің жылдық қорытынды іс-шарасына «Түргентас», «Черное золото», «Central Asia Fu Zhou Metal» сынды кәсіпорындар да өз өнімдерін қойып, көпшілікті таныстырды.
    Ауылда атакәсіптің нәсібін көріп отырған қолөнершілер де көрмеге теріден, ағаш пен темірден жасалған туындыларын, ат әбзелдері мен әшекей бұйымдарын, ыдыс-аяқ пен музыкалық аспаптарын паш етті.
    Түрген ауылының ғана емес, аудан мен облыстың, елдің атын шығарып, спорттық жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар да жетістіктерін ауыл жұртының назарына ұсынды. Бұл да – ел мақтанышы, қажырлы еңбектің жемісі.
    Ауыл өмірінің сапасын арттыру – округ әкімдігінің басты мақсаты. Түргенде бүгінде 4 мектеп, 12 балабақша, 2 медициналық мекеме бар. Білім беру жүйесінде 2821 оқушы білім алуда. Су және жол инфрақұрылымы бойынша да ілгерілеу байқалады. Демек, 51 шақырым ауызсу жүйесі, 60,9 шақырым ауылішілік жол, оның ішінде 13,8 шақырымы жақсы жағдайда. Тұрғындар игілігіне арналған жұмыстар алдағы жылы да жалғасын таппақ. Әкімдік тарапынан ауылішілік жолдарды жөндеу, көше жарығын ұлғайту және ауыл шаруашылығын цифрландыру бағытында жаңа жобалар қолға алынуда.
    Көрмеге Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасарлары Ертай Нұрмаханов пен Ерболат Сарабеков, аудандық бөлім басшылары, кәсіпкерлер мен округ тұрғындары қатысты. Қонақтар ауыл еңбеккерлерінің жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, Түргеннің әлеуеті артып келе жатқанын атап өтті.
    Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов өз сөзінде ауылдың дамуына үлес қосып жүрген өрт сөндіру қызметінің өкілдерін ерекше атап, табиғат пен халық мүлкін қорғаудағы еңбектері үшін алғыс білдірді.
    «Берекелі Түрген – ынтымақтың ордасы» мерекесінің ресми бөлімі мемлекеттік Әнұранмен ашылып, жүргізушілер ауыл тарихы мен жетістіктерін баяндап өтті. Түрген ауылдық округінің әкімі Жұлдыз Искелдиева ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді. «Туған жеріміз – Түрген ауылы ежелден бірлік пен татулықтың, еңбектің ордасы. Елдің қуаты – бірлікте, жердің құдіреті – ынтымақта», – деген округ әкімі үздік еңбек иелерін марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.
    Марапаттау рәсімінен кейін көрмеге жиналған көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынылып, ауыл өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Азаматтардың Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау деңгейі жоғары – сауалнама

    Азаматтардың Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау деңгейі жоғары – сауалнама

    2 months ago
    Қамқор еді халқына

    Қамқор еді халқына

    2 years ago
    Алматы облысының әкімі жедел штаб отырысын өткізді

    Алматы облысының әкімі жедел штаб отырысын өткізді

    1 year ago
    “Алатау тазалық үшін” экоакциясы басталды

    “Алатау тазалық үшін” экоакциясы басталды

    2 years ago
    Қонаев қаласында қандай мамандар тапшы?

    Қонаев қаласында қандай мамандар тапшы?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>