☀️
2°C
Қонаев
Жұма, Қараша 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Біртұтас тәрбие

    жас ұрпаққа жарқын жол ашады

    12.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Руханият
    Біртұтас тәрбие
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мәнін түсін­діру мақсатында облыс­тық ата-аналар жиналысы өтті. Жүздеген ата-ана мен мектеп мұғалімдері бас қосқан мазмұнды кездесуге облыстық білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекова, аймақтық прокуратура мен полиция депар­таменті өкілдері және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

    Аталған шара отбасы құндылық­тарының құлдырауға ұшырап бара жатқанын бейнелейтін сахналық қойылыммен басталды. Онда отбасы мүше­лерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, өзара түсіністік пен махаббаттың өмірдің алтын арқауы екені әсерлі көрсетілді.
    Облыстық білім басқармасының басшысы Арайлым Ақсубайқызы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдар­ламасының маңызына тоқталып, бұл жоба жас ұрпақтың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат ретінде қалыптасуына кең мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, «Адал азамат» бастамасы аясында мыңдаған педагог кәсіби даярлықтан өткен. Сондай-ақ ұстаздар практикалық кейс-сессиялар мен тренингтер арқылы нақты іс-қимыл алгоритмдерін жасап, жұмыс жоспарларын әзірлеген.
    «Бүгінгі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Оның мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Мектептердегі тәрбие ісі мемлекеттік органдармен, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласындағы құрылымдармен тығыз байланыста жүзеге асырылады», – деді басқарма басшысы.


    Жиында сөз алған прокуратура өкілі Серік Асқарұлы мен полиция подполковнигі Лаура Құдайбергенова бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты мәселелердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың алдын алу екенін айтты. Құзырлы орган өкілдері келтірген нақты деректерге сүйенсек, қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқықбұзушылыққа немесе қылмысқа баратын, сондай-ақ ішкі істер бөлімінде есепте тұрған жасөспірімдердің басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Алайда, кейбір ата-аналар өз балаларының тағдырына қажетті көңіл бөлмей, олардың бос уақытын қалай өткізіп жүргенін қадағаламауы салдарынан да осындай жағдайлар орын алатыны байқалады. «Сол себептен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысын ерте кезеңде алдын алудың және оны болдырмаудың негізгі құралы ретінде әрбір отбасында ата-ананың балаларына дұрыс тәрбие беруі, жүріс-тұрысына күнделікті бақылау жүргізуі, өсіп келе жатқан жасөспіріммен ашық және сенімді қарым-қатынас орнатып, оның айналасындағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы қажет», – дейді Лаура Құдайбергенова.


    Жиынға арнайы қатысқан педагог-тренер Саят Нұрқасымұлы қоғамның дамуы, ұлттың өркендеуі – ұрпақтың сапасына байланысты екенін баяндады. Оның пайымынша, сапалы ұрпақтың негізі – білім мен тәрбиеде. Бұл екі ұғым бір-бірін толықтырып тұрады. Білімсіз тәрбие – жеткіліксіз, ал тәрбиесіз білім – қауіпті. Сондықтан бұл екеуі қатар жүруі тиіс. Өзге де қатысушылар қоғамдағы тәрбиелік құндылықтарды нығайту мен ата-аналармен жұмыстың тиімді формаларын арттыру жөнінде өз ойларын білдірді. Шара соңында спикерлерге және белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс білдіріп, бала тәрбиесі бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    1 year ago
    Кәсіпкерлікке жол ашады

    Кәсіпкерлікке жол ашады

    1 year ago
    Ел қуанышына ортақтасты

    Ел қуанышына ортақтасты

    3 months ago
    Қонаев әкімі газ тартудың неге бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

    Қонаев әкімі газ тартудың неге бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

    2 years ago
    «Таза Қазақстан» акциясы белсенді түрде жалғасуда

    Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>