🌫️
0°C
Қонаев
Жексенбі, Қараша 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Болашақ бүгіннен басталады

    21.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Болашақ бүгіннен басталады
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

         Қарасай ауданына қарасты «Aul Resort» демалыс аймағында «Bolashaq bugin» тақырыбында жастар ресурстық орталығы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті. Семинарды облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысты.

    Семинарға әр ауданнан келген жастар алдымен топқа бөлініп, өз көшбасшыларын анықтады. Ал «Jas talks» деп аталатын пікірталас алаңының жұмысы өлке жастарының бір жыл бойы атқарған жұмысын айшықтайтын бейнекөріністен басталды. Осыдан кейін мінберге шыққан облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев бұл күнгі шараның мәні мен маңызына тоқталды.
    – Алатаудың әсем бір баурайына жиналып, еліміздің бүгіні мен болашағы туралы, оған жастардың қосар үлесі хақында ой толғап, пікір алмасуға келгендеріңіздің өзі қуанарлық, құптарлық. Ал біз аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, білген-түйгенімізді кейінгілерге жеткізуге тиіспіз.
    Жаңа ғана көрсетілген бейнема­териалдан жастардың атқарған жұмыстарын көрдік. Онда сіздердің маңдай терлеріңіз, бойларыңыздағы күш-қуат, атқарылған қыруар жұмыс, аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарларының еңбегі аңғарылады. Мемлекеттік қызмет бағытында белгілі бір биіктерді бағындыру үшін ең алдымен жүректегі жалын мен бойдағы қуат қажет екенін айтқым келеді. Алдымен түрлі жастар құры­лымдарында еріктілер қатарында еңбек етіп, содан кейін ауыл, аудан деңгейіндегі баспалдақтардан сүрінбей өткен жастар, сөз жоқ, осы жолда өз мақсаттарына жетеді.
    Бүгінде облысымызда 430 мың жас тұрады. Бұл барлық тұрғынның 28 пайызын құрайды. Ал осы шаңырақ астында солардың ең үздіктері жиналып отыр деп ойлаймын. Демек, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік те өздеріңізге жүктелмек. Сондықтан алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! – деді Ғани Айдарұлы.
    Келесі кезекте сөз алған облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Қазыбек Дәуітәлиев еліміздегі идеология, жуырда ғана қабылданған Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлығы жайында кең көлемде баяндап өтті.
    Жиын барысында «Dauletten» қайырымдылық қорының директоры, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Жасұлан Бостандықұлы аталған құрылымдардың атқарып жүрген игі істері жайлы баяндаса, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластер­лік қорының Қонаев қаласындағы филиалының өңірлік менеджері Жазира Жұмахан мен «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің қоғамдық институттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Ақжарқын Дүйсенғали салалық бағыттағы жұмыстың ерекшеліктері мен жастарға қатысты бағдарламалар жайында әңгімеледі. Осы күні белсенді жастар IQ зияткерлік ойынына қатысып, соңынан форумның ашылуы салтанатты түрде аталып өтті.
    Ертеңіне форумның жұмысы семинар-тренингтен бастау алды. Мұнда облыстық полиция департа­менті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Әлібек Керім «Интернет-алаяқтықтың түрлері және олардан қорғанудың жолдары» тақырыбында, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, бизнес-тренер, маркетолог Мейрам Сауранбеков «Жастар кәсіпкерлігін дамыту және бизнесті жоспарлау мен жүргізудің тиімді тәсілдерін меңгеру» аясында, «Innoverse Online» компаниясының директоры, «Innoverse.kz» бағдарламасының негізін қалаушы, аймақтық жастар кадрлық резервінің мүшесі Дастан Қалиев «Жастарды болашақ мамандығын қазірден таңдауға үйрету, Neet санатындағы жастармен жұмыс жасау тәсілдері» тақырыбында, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Қонаев қаласындағы филиалының өңірлік менеджері Жазира Жұмахан «Жасанды интеллект және болашақ ақылды технологияның адам өміріндегі жаңа дәуірі» деген тақырыпта баяндама жасап, жастар арасында осы жайларды қызу талдады.
    Шараны облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кеңешев қорытындылап, семинар жұмысына белсене қатысып, үздік ойымен ерекшеленген жастарды марапаттады. Соңынан облыстың әр шалғайынан келген жастар Алматы қаласындағы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев музейінде болып, даңқты тұлғаның өмірімен, қызмет жолымен танысты.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    2 years ago
    Әкенің қас-қабағы

    Отбасы қорғаны

    5 months ago
    Өркенді өңір тынысы

    Өркенді өңір тынысы

    10 months ago
    Рәміздер күніне орай ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті

    Облыс әкімі Рәміздер күніне орай құттықтады

    1 year ago
    Қайраткерге қараған сайын…

    Қайраткерге қараған сайын…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>