Перейти к содержимому
Главная страница » Гүлзар жаңартылды

Гүлзар жаңартылды

    Көктемде қала көшелерінің көркін арттыру мақсатында Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңде гүлзарларды толық жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Асылхан Еспаевтың айтуынша, негізгі назар шаһар орталығына аударылған. Мұнда Абылай хан көшесінің бір жағында аудандық әкімдік пен аудандық кітапхана ғимараттары, ал екінші жағында Даңқ мемориалы мен Мәңгілік алау орналасқан. Осы аумақтағы жеті гүлзарға 3500 раушан көшеті отырғызылды. Жұмысшылар ескі топырақтың жоғарғы қабатын алып, оның орнына тыңайтқыштар қосылған құнарлы топырақ төккен.
Асылхан Алмасханұлының айтуынша, бұл гүлзарлар үшін арнайы Double Knock Out раушан сорты таңдалған. Ол қала жағдайына жақсы бейімделген, аурулар мен зиянкестерге төзімді, артық суаруды қажет етпейді және суыққа шыдамды болғандықтан, ерте көктемнен күзге дейін гүлдей алады.
Айта кетейік, гүлзарларды жаңарту жұмыстары Қаскелең қаласы әкімдігінің бастамасымен және демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан.

Қуат Әбілұлы