☀️
9°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғылымға көңіл бөлсеңіз…

    29.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғылымға көңіл бөлсеңіз…
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел университетінде жасанды интеллект пен робототехникаға бейім дарынды және шығармашыл жастар оқиды. Солардың бірі – осы университеттің аға оқытушысы, AI-зертханасының жетекшісі, 2-курс докторанты Ернар Ахметбек. Аталған оқу орнын жақсы бітірген кейіпкеріміз төрт жылдан бері осында дәріс беріп, отандық ғылымды дамытуға және елімізге пайда әкелуге белсене атсалысып жүр.

    Ернар Жезқазған қаласында дүниеге келіп, білімді бағалап, әрқашан өз-өзін жетілдіруге ұмтылатын отбасында тәрбиеленген.
    – Менің анам Бағдат Төлегенова мектепте математикадан сабақ береді, ал әкем Ербол Жиенбаев фабрикада инженер болып жұмыс істейді. Ата-анам әрқашан еңбекқорлықты, адалдықты және білімге деген ұмтылысты үйретіп отыратын. Анамнан математикаға деген махаббатты, әкемнен практикалық жұмыс пен жауапкершілікті бойыма дарыттым. Олардың «Өзіңді дамытуды тоқтатпа» деген ақыл-кеңесін жүрегімде сақтап келемін, – дейді Ернар.
    Жас зерттеуші Жезқазған қаласындағы Қазақ-түрік лицейін аяқтап, кейін SDU университетінде бакалавр және магистр дәрежелерін алған. Қазіргі таңда докторантурада білім алуда.
    – SDU-да оқытушы болуға мені университет басшылығы шақырды, – деп жалғастырды әңгімесін Ернар Ерболұлы. – Соның арқасында жасанды интеллект пен робототехника саласын меңгеруді бастадым. Менің докторлық жұмысым мобильді роботтардың автономды навигациясын терең оқыту әдістері арқылы зерттеуге арналады. Уақыт өте келе мен AI-Lab зертханасын құрдым және қазір сол зертхананы басқарамын. Бұл оқу орны мен үшін ғылым және практиканы ұштастыруға мүмкіндік берді.
    Ернар машинамен оқыту, жасанды интеллект және деректерді талдау салалары бойынша сабақ береді. Оның айтуынша, бұл технологиялар өнеркәсіпті автоматтандыру, ауыл шаруашылығы, логистика және автономды шешімді қажет ететін басқа да салаларға пайдасы мол.
    – Ғылыми-зерттеу жұмысыма зертханадағы әріптестерім мен студенттерім көмектеседі, – дейді Ернар. – Менің ғылыми жетекшім – Назарбаев университетін бітіріп, қазір SDU-да машинамен оқыту және терең оқыту пәндерінен дәріс беретін Дархан Жолтаев. Зерттеу жұмыстары біздің университетте қарқынды дамып келеді. Әрі жас ғалымдардың қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
    Ернар алдағы уақытта диссертациясын аяқтап, зерттеу нәтижесін нақты робототехникалық жүйелерге енгізуді көздейді. Болашақта Қазақстандағы жасанды интеллект пен робототехника саласын әрі қарай дамытуға, жас зерттеушілер мен қолданбалы стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ұмтылмақ.
    – Өз тәжірибеммен бөлісе отырып, жас жігіттер мен қыздарға бірінші кезекте көңілі қалаған салаға бет бұруды ұсынамын. Жақсы көретін ісімен айналысқан адам тек өзіне ғана емес, еліне де үлкен пайда әкеледі. Жас буынды еңбек, шығармашылық және инновациялар арқылы білімге ұмтылуға, өзгерістерді жасқанбай қабылдауға және Қазақстанды дамытуға өз үлесін қосуға шақырамын, – деп әңгімесін қорытындылады кейіпкеріміз.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ЖАРҚЫН ШАРА
    18.03.2026
    Құстарға қамқорлық
    18.03.2026
    ШАҢЫРАҚ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
    18.03.2026
    Кегендегі қоныс тойы
    18.03.2026
    Сабақ сапасын арттырады
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>