☀️
-16°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіздікті сақтайық

    25.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Қауіпсіздікті сақтайық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихаты балық аулау кезіндегі жазатайым оқиғалардың, адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу шараларына арналды. Онда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Самат Кенжехан баяндама жасады.

    – Су айдынында қауіпсіздікті күшейту мақсатында ескерту тақтайшаларының санын ұлғайту туралы өңірдегі аудандар мен қалалардағы жауапты мекемелерге хаттар жолданды. Жұқа мұзға адамдардың баруын шектеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырған ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі пысықталуда. Жыл басынан бері балық аулау кезінде адам өлімі тіркелген жоқ, – деген спикер қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті.
    Айтуынша, мұз қалыңдығы тұщы суда кемінде 10 сантиметр және тұзды суда 15 сантиметр болғанда ғана балық аулауға болады. Көпір асты мен жылғалар құятын тұстарда, қамыс өскен жерлерде абай болу керек. Мықты мұз көк немесе мөлдір түсті болады. Ақ немесе күңгірт түс мұздың жұқа екенін білдіреді. Су айдынына жалғыз шығуға, жүгіріп, секіруге болмайды. Топ болып жүрген дұрыс, бірақ 4-5 метр арақашықтық сақталуы қажет. 10-15 метрлік арқан, ысқырық, таяқ немесе мұз ойғыш сияқты қауіпсіздік құралдарын сайлап шығу маңызды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУҒА ШАҚЫРАМЫН!

    ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУҒА ШАҚЫРАМЫН!

    1 month ago
    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    8 months ago
    Оқушылар «Өз ағашыңды өсір» акциясында белсенді

    Оқушылар «Өз ағашыңды өсір» акциясында белсенді

    2 years ago
    Ұстаз бейнесі ұмытылмайды

    Ұстаз бейнесі ұмытылмайды

    7 months ago
    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>