⛅
14°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кітапқа құштарлық

    22.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Кітапқа құштарлық
    0
    SHARES
    56
    VIEWS

         Қазақ оқырманы арасында бестселлерге айналған «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары» кітаптарының авторы, башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов пен аталған туындыларды қазақ тіліне аударған аудармашы, ақын Саят Қамшыгер А.Мәлкеев атындағы Есік «Білім-Инновация» лицейіне арнайы келіп, оқушылармен кездесу өткізді.

    Бұл кездесудің мақсаты – лицейде өткен кітап оқу жары­сының алғашқы кезеңін қорытын­дылап, кітапқұмар өрендерді марапаттау, балаларды өздері оқыған шығарма авторымен жүздестіріп, сауалдарына жауап алуға мүмкіндік жасау.
    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық ойлы ұлт болу­дың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнық­тыруымыз керек», – деген еді. Бұл идея – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен лицей ұжы­мының да басым бағыт­тарының бірі. Сөзіміздің нақты дәлелі – білім ордасының сабақ кестесіне енгізілген «Кітап оқу уақыты». Оқушылар бұл уақытта күнделікті 15 минутын кітап оқуға арнайды. Ал оқылған кітаптың оқиға желісі мен ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, шығармадан түйгендерін балалар ай сайын ұстаздарымен бірге талқылап, пікір алмасады. Бұл – оқушылардың кітап оқуды әдетке айналдыруы, сол арқылы оқитын орта қалыптастыру үшін жасалып жатқан үлкен қадам.
    Аталған жарысқа лицей оқушы­лары түгел қатысып, берілген кітап­тарды бір тоқсанда толық оқып, сол шығармалар бойынша жаппай тест тапсырады. Ал тесттен 30 пайыз жинаған оқушылар түрлі сыйлық­тармен марапатталады. Бірінші тоқсанда 7-сынып оқу­шы­­­лары – Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», А.Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық» шығармаларын, 8-сынып оқушылары – М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы», А.Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық», 9-сынып оқушылары – М.Әуезовтің «Қилы заман», Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі», Б.Майлиннің «Күлпаш», 10-сынып оқушылары – Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», В.Янның «Шыңғыс хан» және 11-сынып оқушылары – А.Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» мен Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітаптарын оқыды.
    «Кітап оқу – жай ғана ақпарат алу емес, жан дүниені тәр­бие­­леу мен ойды жетілдіру­дің ең бағалы жолы. Осы орай­да оқушы­лары­мызды кітап оқуға ынталан­дырып, жарыс ұйым­­дастырып, бағалы сыйлық­­тар ұсынып отырған лицей­дің әкелер кеңесіне алғысы­­мыз шексіз», – дейді А.Мәлкеев атындағы Есік «Білім-Инновация» лицейі­нің директоры Жәнібек Беркіндолда.
    Бірінші тоқсандағы кітап оқу жарысы нәтижесінде 190 оқушы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тест сұрақтарынан ең көп балл жинаған 7 оқушыға велосипед берілсе, қалған балалар Marshal Major, BUDS құлақ­қаптары, Redmi Watch, Kitapal сертификаттары, Мұхтар Мағауин­нің «Қазақ тарихы­ның әліппесі», «Алтын Орда» кітаптары, Istambul дәмханасынан таңғы ас пен басқа да сертификаттарға ие болды.
    Кітап оқу жарысын ұйым­дастырып жатқан азаматтардың көрегенділігі мен өскелең ұрпаққа деген жанашырлығын ерекше атап өткен Айгиз Баймұхаметов: «Адам үшін ең үлкен байлық – білім. Ал білім – кітапта! Осынау керемет жарысқа ерекше құлшыныспен қатысып жатқан бүгінгі балалар болашақта өздері де осындай игі істердің жанынан табылатынына сенемін», – деді.
    Кездесу барысында Саят Қамшыгер: «Айгиз Баймұхаметов­тің «Құсқа айналам бір күні» атты кітабын аударып жатырмын, жақын арада қазақ тілінде жарыққа шығады», – деді. Сондай-ақ 16 тілге аударылып, 10 шақты театрда сахналанып, халықтың үлкен қошеметіне бөленген «Тастамашы, ана!» мен «Ертегісіз өткен балалық» кітаптарының желісімен елімізде жаңа фильм түсіру жұмыстары басталып кеткенін де сүйіншілеп жеткізді.
    Алтын уақытын арнап алыстан келген кеш қонақтарына алғысын білдірген лицей директоры Жәнібек Беркіндолда Айгиз Ғизатұлына ұжым атынан қазақтың қонақ­жайлығын танытып, шапан жауып, сый-сияпат жасады.

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Пәтер кілті табысталды
    20.03.2026
    Мемлекет басшысы: «Ғылыми әзірлемелер елге нақты пайда әкелуі керек»
    20.03.2026
    Президент: Ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек
    20.03.2026
    Мереке қарсаңындағы қуаныш
    20.03.2026
    Намыс пен дәстүр
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>