⛅
0°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Майдангер атында

    27.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Майдангер атында
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қарасай ауданының Көксай ауылында ауыз толтырып айтарлық жиын өтті. Осы ауылдың тұрғыны, Екінші дүниежүзілік соғыстың куәгері, еңбек ардагері, марқұм Садыхан Дүйсембаевтың атына берілген көшенің ашылу рәсіміне жиналған халық қарасы көп болды.

    Бұл дегеніңіз Жеңістің 80 жылдығына орай майдангерге көрсетіліп жатқан орасан құрмет екенін оны тірлігінде көзі көріп, жақсы қарым-қатынаста болған адамдар шара аясында кеңінен әңгімелеп, жеткізе айтты. Сонымен бірге жиынға қатысушылар көшенің майдангер атына берілуіне мұрындық болып, елеулі еңбек сіңірген Іргелі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Егінбек Егеубековке ақ ниетті алғыстарын білдірді.
    Шынында да ел басына күн туған соғыс сойқанының отты жылдарында Садыхан Дүйсембаев Мәскеу түбінде атты әскердің сапында болып, майданның алғы шебінен табылып, табандылығымен, талай ерлігімен көзге түседі. Жасаған ерліктері де ескерусіз қалмайды. Бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, тағы да басқа да марапаттарға ие болады. Оқ пен оттың ортасында жүрген ол 1943 жылы бір қолынан жараланып, дәрігерлік комиссия анықтамасымен ІІІ топтағы мүгедек болып, еліне қайтарылады.
    Туған ауылына оралған соң да майдангер қарап жатпайды. Шаруашылықтан шопан атаның ақ таяғын қолына алып, қой бағуды кәсібіне айналдырады. Еңбегі де нәтижесін бере бастайды. Мал басын аман алып қалумен қатар, төл алу мен жүн өндіру жоспарын да үнемі артығымен орындап отырады. Абыройы да асқақ болады. Садыхан Дүйсембаев 1969 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін қол үзбей қой бағумен айналысады. Құдайдың берген 80 жасында дүниеден өтеді.
    Соғыс және еңбек ардагері Садыхан Дүйсембаев ұрпақсыз емес. Соңында бес баласы қалады. Қазір олар өз алдына түтін түтетіп, бір-бір үйдің тұтқасын ұстап отыр. Еңбектен де құралақан емес. Әрқайсысы өз кәсіптерімен айналысып, ата-аналарының немерелері мен шөберелерін аялы алақандарына салып, тәлімді тәрбиелерін беруде. Олар әкелерінің атына берілген көшеге дән риза болып, қалың қауымға арнайы ас беріп, халықтың алғысына да бөленді.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    3 years ago
    Ауылдар көркейе түсті

    Ауылдар көркейе түсті

    2 years ago
    Алматы облысында уланған оқушылар дәрігерлер бақылауында

    Алматы облысында уланған оқушылар дәрігерлер бақылауында

    3 years ago
    Заманауи әдістермен емдейді

    Заманауи әдістермен емдейді

    5 months ago
    Алаңсыз демалыс

    Алаңсыз демалыс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>