[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қаңтар 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маңызды шешім қабылданды

    27.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Маңызды шешім қабылданды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезекті XLIIІ сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, басқарма өкілдері, депу­тат­тар, онлайн режимде қала, аудан басшылары мен мәсли­хат төрағалары қатысты.

    Мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев төрағалық еткен сессия отырысында алдымен қаралған мәселе – тұрғын үйді жалға алу бойынша өтемақы төлеу шаралары жөнінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Азамат Шәлдибеков баяндама жасады. Азамат Ғалымұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамту басты міндет екенін айтты. Сол себепті де мемлекеттік органдардағы баспанамен қамтылмаған мамандарды қолдау мақ­сатында тұрғын үйді жалға алу бойынша өтемақы төлеу шараларын 2027 жылдың соңына дейін жалғастыру қажет екенін алға тартты.
    Келесі кезекте ауызсумен қамту қызметінің құнына байланысты суб­сидиялау мәселесі қаралды. Бұл ретте облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Өмірханов биыл жаңартылған Су кодексі негізінде тұрғындар тұтынатын ауызсу құнының бір бөлігін субсидиялау тетігі көзделгенін жеткізді.
    «Кодекс талаптарын іске асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы №87 өкімімен субсидиялау тетігін жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық актілердің тізбесі бекітілді. Аталған тізбеде мәслихатпен бекітілуге жататын субсидияланатын су қамту жүйелерінен берілетін ауызсудың 1 текше метрі үшін төлем мөлшерін айқындайтын нақты тармақ қамтылған. Қазір Су кодексінің талаптарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі нормативтік-құқықтық актілерді қа­былдады. Әдістеме негізінде облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы кешенді әлеуметтік-эко­номикалық талдау жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша субсидияланатын ауызсудың 1 текше метрі үшін төлем мөлшерін 107 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылды», – деді Су кодексі негізінде болып жатқан өзгерістерді түсіндірген Нұрлан Өмірханұлы.
    Баяндаманы тыңдаған мәслихат де­путаттары жобада халықты сумен қам­тамасыз ету құнын төмендету мақсатында баламалы көздерден алынған ауызсуды субсидиялау көзделгенімен, жан-жақты саралаудың жеткіліксіз екенін айтып, мәселені келесі отырыста тыңғылықты түрде қайта қарауға шешім қабылдады.
    Сессияда облыс әкімдігінің, облыс әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комис­сияның, құқықбұзушылық профи­лак­тикасы ведомствоаралық комиссиясы мен әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамдары бекітілді. Сонымен қоса облыстық бюджет комиссиясының құрамына және «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұған қатысты ақпарат алдын ала қаралғандықтан, депутаттар бірауыздан қолдады.
    Мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы кейбір мәселелер бойынша жауапты басқармалар өз ісіне атүсті қарап отыр­ғанын жасырмады. Сонымен қоса кейбір сұрақтар бойынша тиісті органдар тара­пынан қажетті келісім алынбаған жағ­дайда шешім тіркеуден өткізілмейтінін және заңды күшіне енбейтінін ескертті.
    Сессияны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев қабылданған шешімдердің маңызын тілге тиек етті. Ол аймақтың стратегиялық даму бағытын жүзеге асыруда әрбір шешімнің уақытылы әрі сапалы орындалуы басты шарт екенін атап өтті.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    «Береги здоровье смолоду!»

    Нет стигме и дискриминации!

    9 months ago
    Тіл бірлігі – ел бірлігі

    Тіл бірлігі – ел бірлігі

    9 months ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    2 years ago
    Мемлекет басшысы: «Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз»

    Мемлекет басшысы: «Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз»

    3 months ago
    Маңызды кезең

    Бала – бақытымыз!

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>