☀️
13°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негіздері мен тәртібі

    14.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негіздері мен тәртібі
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығының 2 тарау 1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

    Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, жеті жасқа дейінгі адамға «мүгедектігі бар бала» санаты, ал жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші топтағы мүгедектігі бар бала», «екінші топтағы мүгедектігі бар бала», «үшінші топтағы мүгедектігі бар бала» санаттары белгіленеді.

    МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері және (немесе) ЖЕА дәрежелері айқындалады:

    1) жалпы ауру;

    2) еңбек жарақаты;

    3) кәсіптік ауру;

    4) бала кезінен мүгедектік;

    5) жеті жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;

    6) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;

    7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда, қызметті міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар нәтижесінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауру, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан болған жаралану, контузия, мертігу, ауру не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;

    8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектік айқындалады.

    Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларындағы мүгедектік себептері себеп-салдарлық байланысты анықтаған уәкілетті органның келтірген тұжырымына қатаң сәйкестікпен шығарылады.

    Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерге (бұдан әрі – зақым келген қызметкер) МӘС жүргізу кезінде мынадай КЕА-ның себептері белгіленеді:

    1) еңбек жарақаты;

    2) кәсіптік ауру.

    Егер куәландырылатын адам мүгедектік себебін ауыстырғысы келсе, осы Қағидалардың 9-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларына сәйкес себептік-салдарлық байланысты растайтын құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күні мүгедектік себебін өзгерткен күн болып есептеледі.

    Мүгедектік мынадай мерзімдерге:

    Жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе жеті жасқа толғанға дейін;

    Жеті жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін;

    Он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.

    Каландаров М.К.

    №1 МӘС бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    2 years ago
    ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН  ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

    ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

    3 months ago
    Үміттерін үкілей жетті

    Биыл аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтеді

    3 years ago
    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago
    Қонаевтың 12 қасиеті

    Қонаевтың 12 қасиеті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>