⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Олжас Бектенов БҚО-ға жұмыс сапары аясында абаттандыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

    06.11.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    Олжас Бектенов БҚО-ға жұмыс сапары аясында абаттандыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру, сондай-ақ су тасқынының алдын алу шаралары жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлерді және Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижесін көрді.

    Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін барлығы 889 үй салынды, оның ішінде Орал қаласында – 451 тұрғын үй. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде толығымен аяқталып, отбасыларға берілді. Бүгінгі таңда барлық үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

    Сондай-ақ Премьер-министр Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту және реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Өзеннің жағалауы мен арнасын, тұрғын үйлерді тасқыннан қорғау үшін ұзындығы 383,6 метр бөгет салынды. Жалпы, елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін облыста 143 шақырым қорғаныс бөгеттері, 9 шақырым су бұру каналдары салынды, 74 шақырым магистральды каналдар тазартылды.

    Жағалауды реконструкциялау осы жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында жүргізілді. Жобаға сәйкес, су тасқынынан қорғау мақсатында өзен жағалауы бұрынғыдан да биіктетілді. Барлық аумақ толығымен абаттандырылып, қоршаулар орнатылды.

    8 мың шаршы метр алаңға тротуарлар төселді, 102 көше шамдары орнатылды, 16 мың шаршы метрден астам көгал мен 768 ағаш көшеттері отырғызылды. Балалар ойын алаңы, спорт алаңы, воркаут-аймақ және тағы да басқа нысандар реконструкцияланды.

    Соңғы жаңалықтар

    Өнерпаздар дауыс берді
    15.03.2026
    Чемпиондар отбасы өз таңдауын жасады
    15.03.2026
    Мәні терең саяси науқан ұлттық дәстүрмен үйлесім тапты
    15.03.2026
    Белсенділік таныту маңызды
    15.03.2026
    Байсерке ауылында дауыс беру ерекше форматта өтті
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>