⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің!

    27.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің!
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Өрттің алдын алу – әрбір азаматтың міндеті. Тұрғын үйлерде болсын, өндірістік немесе әлеуметтік нысандарда болсын, қауіпсіздік талаптарын сақтау өте маңызды. Осы орайда Қонаев қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Махамбет Маратұлы «Өлке тынысы» ЖШС қызметкерлерімен жүздесіп, өрт қауіпсіздігі жайында сөз қозғады.

    Тілсіз жаудың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырған басқарма инженері ғимарат ішінде кенеттен қызыл жалын пайда болған жағдайда оны ауыздықтау үшін өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды қалай қолдану керегін айтып, іс жүзінде көрсетіп берді.
    – Ең алдымен эвакуациялық жолдар мен шығу есіктері ашық болуы керек. Оларды жабуға немесе алдына заттар қойып, бөгеп тастауға болмайды. Міндетті түрде өрт сөндіргіштер, гидранттар, құм салынған жәшіктер толық, жарамды күйде және қолжетімді жерде болуы қажет. Электр жабдықтарын пайдалану кезінде нұсқаулықтың қатаң сақталып, зақымдалған сымдар уақытында ауыстырылып, жанғыш материалдар арнайы белгіленген орындарда сақталып, ашық от көздерінен аулақта болуы керек. Тұрғын үйлердегі өрттің басым бөлігі электр құралдарының дұрыс пайдаланылмауы және абайсыздық салдарынан болады. Оның алдын алу үшін үйде электр желілерінің жарамдылығы тексеріліп, газ плитасы қосылған күйі қалмауы қажет. Сіріңке, оттық сияқты заттар балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс. Қатты отынмен жылытылатын үйлердегі пештің мұржасын уақытында тазалауды, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмауды естен шығармаған жөн. Өрт туындаған кезде бірден 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, түтін қоюланған жайдайда еңкейіп немесе еңбектеп қауіпсіз жерге шығу керек. Шағын өртті өрт сөндіргіш құралмен ауыздықтауға болады. Өрт сөндіргіш құралын қолдану үшін ең алдымен оны шайқап алып, үстіндегі қауіпсіздік түйреуішін тартып шығарып, тұтқасын басып, жанып жатқан нысанаға 1-2 метр қашықтықтан бағыттайды. Өрт толық сөнгеніне көз жеткізбейінше, жалынға жақындамау керек, – деді Махамбет Маратұлы. Сондай-ақ маман өртті дер кезінде ауыздықтауда көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы құрылғының да көмегі зор екенін айта кетті. Өрт көп жағдайда адамдар ұйықтап жатқан түнгі уақытта орын алады. Осы кезде дабыл беретін арнайы құрылғының арқасында қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Осы орайда әкімдік тарапынан 70 құрылғы (датчик) бөлінгенін алға тартқан инженер сезгіштігі жоғары бұйымдар қарт кісілер, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандардың үйіне тегін орнатылып жатқанын да жеткізді.

    Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

    2 years ago
    Жаңа нысандар бой көтеруде

    Жаңа нысандар бой көтеруде

    12 months ago
    Келісіп пішкен тон келте болмайды

    Келісіп пішкен тон келте болмайды

    6 months ago
    Дер кезінде қабылданған шешім

    Дер кезінде қабылданған шешім

    2 years ago
    Антикор: Биыл Алматы облысында 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалды

    Антикор: Биыл Алматы облысында 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>