[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ӨЗІҢДЕЙ ҚАМҚОР ӘКЕ ҚАЙДА МАҒАН?!

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    ӨЗІҢДЕЙ ҚАМҚОР ӘКЕ  ҚАЙДА МАҒАН?!
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Иә, Нұрқасым Алматы облысының шығысындағы шекаралы аймақта орналасқан Сүмбе ауылының тумасы. Мектепте үлгілі оқушы атанды. Мектепті бітірген соң Отан алдындағы парызын өтеу үшін әскер қатарында қызмет етті. Сарбаздардың аспазы, татар қызы Мәдинамен танысып, екеуінің арасында сезім гүлі бүршік жарады. Әскерлік мерзімі аяқталып, Нұрқасым мен Мәдина қол ұстасып, ауылға келеді. Олар тату-тәтті өмір сүріп жатты. Нұрқасым қысқа мерзімді бухгалтерлік курсты тәмамдап, ұжымшарда есепші, ал Мәдина дала қостарында шөпшілерге, тракторшыларға, тағы басқа еңбек көрігін қыздырған жұмысшыларға аспаз болып еңбек етті. Нұрқасым өз ортасында турашыл болды. Тік айтатын мінезінен көп адам жақындаудан жасқанатын. Жағымпаздықты жаны сүймейтін. Ата-бабасының шежіресін жақсы білетін. Кімнің кімге жақын екенін, аталарының өсиеттерін, жеке қасиеттерін кейінгілерге білдіруді өзіне міндет санайтын. Тағы бір ерекшелігі – қанағатшыл, дүниеге қызықпайтындығы. «Өзінің еңбекақысымен ғана өмір сүруді ұнататын, ешкімнің ала жібін атта­маған, таза адам еді» дейтін білетіндер.

    Нұрқасым көркем әдебиетті, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын көп оқитын. Өзі ғана оқып қоя сал­май, сыйлас, сырлас адамдарына шығармаларды әңгімелеп: «Оқысаң, көп нәрсені білесің. Көкірек көзің ашылады», – деп оқымасына қоймайтын. Білімге құштарлығының ба, ізденімпаздығынан ба, өзі айтқандай, көп нәрсені білетін. Нұрқасымның тағы бір ерекшелігі туысқаншыл еді. Қариясы бар туыс­тарына жиі барып, үлкендерге сәлем беріп, қал-жағдайларын біліп тұратын. Көмек керектеріне шамасының кел­генінше қолұшын созатын. Басқа туыстарын да көмек қолын созуға жұмылдыратын. Нұрқасымды өзінен кейінгі іні-қарындастары «Связной аға» дейді екен. «Ештен де кеш жақсы» ұстанымын қуаттайтын Нұрқасым есейіп кеткеніне қарамастан Талғар қаласындағы ауылшаруашылық техникумының бухгалтерлік факульте­тіне түсіп, бухгалтер-экономист мамандығын алып шығады.
    Өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді емес пе? Өкінішке қарай, аяқ астынан жабысқан дерт Мәдинаның өмірін жалмайды. Бүбіжан әжесі өте балажан болды. Кішкентайынан Гүлдәрмістің уақытылы тамағын беріп, қасына алып жатып, арқасына көтеріп жүруден жалықпайтын. Жалғыз немересінің басынан құс ұшырмайтын. Тіршілігін де тындыратын. Гүлдәрміс 7-сыныпта оқып жүргенде Бүбіжан әжесі қайтыс болып кетті де, үйде әкесі мен қызы ғана қалды. Гүлдәрміс кішкентайынан үй тіршілігіне араласып, әжесіне көмектесетін. Тамақ пісіруді де үйреніп алған. Әкесі жұмыста болғанда тамағын әзірлеп, кірін жуып, үй тазалап қоятын. Әкесі жұмыстан қайтып, ішке бас сұққанда-ақ қызы алдынан жүгіріп шығатын. Әкесі маңдайынан сүйіп:
    – Иә, қызым, не тындырдың? – деп есеп сұрайтын.
    – Тамақ пісірдім, кір жудым, су әкелдім, – деп істегендерін тізбелей жөнелетін.
    – Қызым, «Істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы» дейді екен бұрынғы өткен шешелеріміз. Сол айтылғандай, істегенің жақсы-ақ, бірақ ең басты міндетің – сабағыңды жақсы оқу. Болашақта білімді азамат болуың керек. Білімсіздік – қараңғы түнекпен тең. Алдымен ертеңгі сабақтарыңды дайындап болып, сонан соң үй шаруасына кіріс. Уақыт – өмір, өтіп жатыр. Уақыттан ұтылмау үшін оны тиімді пайдалан. Бір минутыңды босқа жіберме. Жарай ма, қызым?
    – Жарайды. Сабағым жақсы, әке.
    – Өте жақсы болуы керек. Су тасыма, от жақпа. Бұғанаң бекімей жатып ауыр зат көтерме. От жағуды, су тасуды, тағы басқа ауыр жұмыстарды маған қалдыр.
    Нұрқасым қызын қанаттыға қақтыр­май, тұмсықтыға шоқыттырмай, алақанына салып, аялап өсірді. Әкесі қызының айтқанына ден қойса, қызы да әке көңілін қалдырған емес. Құрдастары, туыстары Нұрқасымға: «Басың жас. Неге үйленбейсің? Қашанғы сыртқа шықсаң еркектің, үйге кірсең әйелдің тіршілігін істеп жүресің?» – деп ақыл-кеңестерін жаудыратын. «Қызымды өгей шешенің қолына қаратып, жәутеңдеткім келмейді», – дейтін Нұрқасым. Бұл отбасымен араласатын көршілер, туыстар Нұрқасымның тәрбиесіне таңдай қағатын.
    – Нұрқасым еркек басымен қызын қалай тәрбиелеген десеңші?! Өткенде бір бұйымтаймен үйіне кіріп қалдым. Сөйтсем Нұрқасым шалбарының балағын тізесіне дейін түріп, жейдесінің жеңін сыбанып, еден жуып жатыр. Қызы арғы бөлмеде кітап оқып отыр. Ұялтпайын деп шығып кеттім, – дейді көршілерінің бірі.
    – Е-е, жуса несі бар?! Бармақтай қыздың мойнына бар шаруаны артып қойса, жүнжіп кетпей ме? – дейді екіншісі.
    – Қызы сыныбындағы оқушылар­дың алды екен. Сондай жетістікке жетіп отырғаны – әке тәрбиесі, – дейді үшіншісі.
    Содан қойшы, көршілері әке тәрбиесінің қыр-сырына көздерін жеткізе алмай, мыстары құритын. Гүлдәрміс мектепті бітіріп, Алматыға оқуға кеткенде әкесі үйде жалғыз қалды. Қызы қаладан жиі келіп, әкесінің жағдайын жасап, кірін жуып, үй тазалап кететін. Нұрқасым жұмысынан қол үзген емес. 1986 жылы зейнетке шықты. Қызы оқуын тәмамдап, Іле ауданына қызметке келді. Өзімен бірге істейтін Шойбек есімді жігітке тұрмысқа шықты. Гүлдәрміс әкесін қолына көшіріп алды. Күйеубаласы да ақылды, мейірімді, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін адам болып кездесті. Гүлдәрміс пен Шойбектен үш жиен немере сүйді. Атап айтқанда, Шынар, Дәрия атты қыздар мен Айбек есімді ұлды кішкентай кездерінен өзі бақты. Балабақшаға бермеді. Зейнеткер болғандықтан жиендеріне өзі бас-көз болды. Балалардың әке-шешесін жұмыстан қалдырмады. Қызын қалай аялап өсірсе, жиендерін де солай аялады. Балаларды жан жүрегімен жақсы көрді. Балақайларды мектепке де өзі жетелеп ертіп барды. Түсінбегендерін түсіндірді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғындырды. Қысқасы, оларды үйде өзі оқытты. Жақсы оқып, бір-бір маман иесі болу керектігін саналарына құйды. Нағашы атасының еңбегі жанып, бәрі оқуға түсті. Жоғары білім алды. Бірақ атасы кішкентайлардың үлкен азамат болғанын көре алмады. 2002 жылы дүние салды.
    Гүлдәрміс әкесін арулап аттандырды. Қырқын, асын беріп, басына ескерткішін орнатып, әке алдындағы міндетін адал атқарды. Атасының өнегесін алған жиендері де үнемі еске алып, Құран бағыштап отырады. Гүлдәрмістің тұңғышы Шынар Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық университетінің магистратурасын, докторантурасын бітірді. Досжан есімді жігітке тұрмысқа шыққан. Бүгінде үш баласы бар. Ал Дариға «Нархозды» аяқтады. «Халық банкте» жұмыс істейді. Айбек Алматы­ның авиация университетінде оқыды, мамандығы – ұшқыш. Тікұшақ тізгін­дейді. Атырауда тұрады. Зәуре есімді қызға үйленген. Екі қыздың әкесі. Әке арманы орындалды, қыз да болса, әкесінің ұлындай болған Гүлдәрміс ұрпағына атадан қалған ұлағатын сіңірді, үлкен өмірге қанат қақтырды. Бақыт деген осы да!

    Тұрсынхан ШӘЛДИБЕКҚЫЗЫ,
    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

    Ұсынымдар

    Ауылға маман дайындайды

    Ауылға маман дайындайды

    2 years ago

    Тазалық – тәрбиеден!

    1 year ago
    Жыл қорытындылары: экономиканың өсуі және инфляцияның баяулауы

    Жыл қорытындылары: экономиканың өсуі және инфляцияның баяулауы

    2 years ago
    «Асыл домбыра» иегері

    «Асыл домбыра» иегері

    1 year ago
    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    Талғар ауданында кітапхана ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>