🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Субсидия беріле ме?

    20.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Субсидия беріле ме?
    0
    SHARES
    64
    VIEWS

         Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының төрағалығымен ауыл шаруашылығына субсидия беру мәселесіне қатысты жиын өтті. Шаруа қожалығының иелері мен кәсіпкерлер бас қосқан жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері онлайн қатысты.

    Кездесуде Бақытнұр Бақытұлы күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталып, ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуда қаржылық қолдаудың маңызды екенін атап өтті.
    Жиынға қатысқан кәсіпкерлер өз уәждерін ортаға салды. Олардың айтуынша, қаржы ұйымынан шаруашылықты жүргізуге 6 пайызбен несие алған. Несие пайызын ауыл шаруашылығы басқармасы субсидиялап беретін болып келісілген. Алайда басқарма тарапынан жыл басынан бері субсидия қаражаты түспегендіктен, шаруалар қарыздарын қайтара алмаған. Ал қарыз пайызы күн сайын артуда. Оған қоса қаржылық ұйым қызметкерлері күнде қоңырау шалып, мазаларын алуда. Шаруалардың кепілге қойған жылжымайтын мүліктері де күйіп кететін түрі бар.
    Бұл мәселеге қатысты жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бүгінде көптеген шаруа мемлекет тарапынан берілетін пайыздық мөлшерлеменің субсидиясын жыл басынан бері ала алмай, нәтижесінде несиелерін жоғары пайызбен жабуға мәжбүр болғанын айтты. «Берілетін субсидияға арнайы бюджет қаржысы бөлінбеген. Мәселені шешу үшін қазір қосымша қаражат сұрап жатырмыз. Ол бөлінген жағдайда кредиттік ұйымдардың несие мөлшерлемесін төмендету бойынша қаражат төленіп беріледі. Біз қыркүйек айында өтінім бергенбіз. Енді ол бюджет қарау кезінде нақты шешіледі. Сонымен қоса басқалай қаржыландыру жағын да талқылап жатырмыз», – деді Ербол Қуанышұлы.
    Ал шаруалар базынасын жеткізген қожалық иесі Еркін Бейсекен егер субсидия берілмесе, ауыл шаруашылығы кері кететінін, малдың бәрі сатылып, шаруашылықтар құлдырайтынын алға тартты.
    Облыстық басқарма тарапынан республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілген. Қаржы мақұлданған жағдайда шаруалардың несие мөлшерлемесін төлеу үшін субсидия бөлінбек. Сонымен қоса «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалымен бірлесіп, шаруалардың өтінішін оңтайландыру жолы қарастырылуда. Дегенмен, қаражаттың қашан түсетіні әзірге белгісіз.

    Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

    Ұсынымдар

    Ардагерлер сынға түсті

    Ардагерлер сынға түсті

    10 months ago
    Жеті тіл білетін сарбаз

    Жеті тіл білетін сарбаз

    5 months ago
    Жат ағым – елге қауіп

    Жат ағым – елге қауіп

    1 year ago
    Соғыс бізді ерте есейтті

    Соғыс бізді ерте есейтті

    8 months ago
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛДІ

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЛДІ

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>