⛅
-21°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл – ұлттың айнасы

    14.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Тіл – ұлттың айнасы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Алатау қаласы «Еңбек» ықшамауданындағы №7 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық тіл форумы өтті. Аталған жиынды облыстық тілдерді дамыту мен білім басқармалары және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырды.

    Шараға арнайы шақырылған құрметті спикерлер қатарында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Шерубай Құрманбайұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Нағима Ілиясова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, PhD Жанат Сәрсенбай, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Қымбат Сламбеков болды. Жиында қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер, тіл саясаты, ғылым мен білім саласындағы жаңа бағыттар бойынша мазмұнды баяндамалар жасалды. Форумға облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, тіл оқыту орталығының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты.
    Форумның негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру, оқыту әдістемесін жетілдіру, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ оқушылардың оқу сауаттылығы мен академиялық жазу дағдыларын дамыту мәселелерін талқылау. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда заманауи цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі ортаға салынды.
    Іс-шара екі бөлімнен тұрды, түске дейінгі пленарлық отырыс ТЕD форматына сай ұйымдастырылып, спикерлер ой-пікірлерін ортаға салды. Түстен кейінгі секция жұмысы мектеп кабинеттерінде жалғасып, мұғалімдер әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті.
    Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев жиынға қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтап, аталған шараның мәні мен мазмұнына тоқталды.


    «Бұл форум – «Қазақ тілі – ұлттың айнасы, елдіктің өзегі, рухымыздың тірегі» деп туған тіліміздің тағдыры мен болашағына бейжай қарамайтын, ел руханиятының дамуына үлес қосып жүрген тіл мамандарының басын қосқан маңызды алаң. Ұстаздардың тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен әдістемелер арқылы тіліміздің өрісін кеңейтуге бағытталған игі бастама. Бұл алаңда айтылған әрбір ой, ұсыныс болашақта білім беру сапасын арттырып, тіл мәртебесін нығайтуға өз септігін тигізетініне сенемін. Бүгінгі форум ой-пікір мен тәжірибе тоғысқан, тіл мен рухты жаңғыртатын маңызды басқосу болсын!» – деді Ғани Айдарұлы.
    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы: «Қазақ тілі ең алды­мен балабақша мен мектепте сапалы әрі дұрыс оқытылуы керек. Мемлекеттік тілді меңгеруге ынта танытып жүрген азаматтар үшін де тілдің қолданысы сауатты болуға тиіс. Форум барысында тілді үйретудегі сауаттылық пен әдістемеге ерекше көңіл бөлінді. Егер біз қазақ тілі мен әдебиеті саласында әлсіздік танытсақ, басқа ғылым, өнер және өзге салаларда да тілді меңгеру қиындық тудыра беретіні анық. Сондықтан осы бағытта әдістемені, мазмұнды және қажетті технологияларды дамытып жатырмыз.
    Қазақ тіліндегі фильмдер мен мультфильмдерді көбейтіп, олар­ды сапалы қазақшаға бейімдеп келеміз. Форумға келсек, тың дүниелер көп болды. Тілді зерттеп жүрген профессорлар, әдістемеге қызығушылық білдіретін мамандар келіп, ұстаздармен тәжірибе алмасты. Бұл өз кезегінде нәтижелі жұмысқа негіз қалайды деп сенемін. Біздің қоғам еліміздің 10-ға жуық аймағында тіл форумын өткізіп, 6 мыңға жуық маманмен жұмыс жүргізді», – деді.
    Алматы облысындағы тіл орталық­тары да ортақ іске өз үлесін қосып жатыр. Бұл туралы жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өз ойын жеткізді.


    «Алматы облысы — миграция қарқыны жоғары, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аймақ. Осындай ортада форум арқылы ұстаздарға әдістемелік материалдар ұсынып, қолдау көрсету, тәжірибе алмасу өте маңызды. Қазақ тілін үйренуге қызығушылықты арттыру – біздің басты міндетіміз. Жуырда Алматы облысы әкімінің қолдауымен қазақтың мақтанышы, әйгілі балуан Жақсылық Үшкемпіров туралы қазақ тіліндегі мультфильм экранға шығады. Міне, осындай бағыттағы жұмыстар жалғаса берсін», – деді ол.
    Білім мен тәжірибе тоғысып жатқан жиында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша талай жыл қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың форум туралы ойын білдік. Қазақ тілі форумының пайдасы туралы «Еңбек» шағынауданындағы №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәрия Ерболатқызы: «Аталған форум Алматы облысында екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Бұл шара біздің білімімізді шыңдап, тәжірибе алмасуға мол мүмкін­дік береді. Тәжірибелік алаңда тіл мәселе­сінің жан-жақты талқылануы, функционалдық сауаттылық бойынша жасанды интеллектпен жұмыс істеу де қызықты әрі пайдалы болды», – деді
    Форум соңында шеберлік сағатына қатысқан педагогтерге облыс­тық тілдерді дамыту және білім басқармаларының сертификаттары табысталды.

    Бағдат ШОЙБАС

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жылына 70 мың тонна көкөніс пен жемісті барынша өңдейтін зауыт салынып жатыр

    Алматы облысында жылына 70 мың тонна көкөніс пен жемісті барынша өңдейтін зауыт салынып жатыр

    1 month ago
    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    1 year ago
    Қоғам талабына сай қабылданған заң

    Қоғам талабына сай қабылданған заң

    2 years ago
    Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

    Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

    11 months ago
    Ата-ана алдында міндет зор

    Ата-ана алдында міндет зор

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>