⛅
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұрғындар өтініші тыңдалды

    07.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Тұрғындар өтініші тыңдалды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген облыс тұрғындары салық, жерді пайдалану және кәсіпкерлік салаларындағы түйткілдерді алға тартты. Әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдері үшін бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін төмендету – басты мәселенің бірі болды. Бұл ретте Еңбекшіқазақ ауданынан келген кәсіпкерлер бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетуді сұрады.

    «Бұл салық түрін біздің ауданда шамамен жүзден астам жеке кәсіпкер пайдаланады. Төлем көлемі аса жоғары емес, сондықтан мөлшерлемені екі пайызға төмендету мәселесін қарас­тыруға мүмкіндік бар деп санай­мыз. Бұл өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге де тиімді болар еді», – деді аудан тұрғыны Шолпан Қасымбаева.
    Бұл мәселеге қатысты Рустам Маратұлы: «Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір облыс бойынша 3 480 кәсіпкер бөлшек салық режимімен жұмыс істейді. Бюджетке 5,7 млрд теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш екі есеге артқан. Сондықтан бұл салық түрі өз тиімділігін дәлелдеп отыр. Дегенмен кәсіпкерлердің ұсынысы ескеріліп, мәселе алдағы уақытта тағы қаралады. Салық мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім жергілікті мәслихаттармен тек келесі жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдануы мүмкін», – деп жауап берді.
    Қабылдауда болған Жамбыл ауданының тұрғыны Жәкен Оспанов Ұзынқарғалы өзенінің тартылып, экологиялық ахуалдың нашарлай түскенін жеткізді. Оның айтуынша, өзен Қарғалы ауылынан бастау алып, карьерлер маңында ағысын тоқтатқан. Өзен арнасын қалпына келтіру үшін арнайы су өткізгіш құбыр орнатып, карьерлердің заңды жұмыс істеп жатқанын тексеру қажет.
    Рустам Исатаев бұл ретте тиісті тексеру жүргізіліп, өзеннің табиғи арнасын қалпына келтіру шаралары қолға алынатынын атап өтті. Сондай-ақ ол құм, қиыршық тас және өзге де пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілермен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын айтты.
    «Азаматтардың өтініштері негізінде жеті заңсыз нысан анық­талды. Алдағы сейсенбіде арнайы комиссия отырысы өтеді. Басты мақсат – кінәлілерді жауапқа тарту, айыппұл салу және ең бастысы, бүлінген жерлерді қалпына кел­тіру. Заңсыз қазба жұмыстары салдарынан үлкен шұңқырлар қалып, тұрғындарға қауіпті­лік тудыруда. Бұл бағыттағы жұмысты аяқтап, келесі жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қоғамға есеп беруді жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімінің орынбасары.
    Қабылдау барысында Қонаев қаласына да қатысты бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Рустам Исатаев бұл бағыттағы жұмыстардың бақылауда екенін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің орындалуы да жеке қадағалауында болатынын атап өтті.

    Алма Топантайқызы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    Алматы облысында 242 мың адам декларация тапсырды

    2 years ago
    Ай-хой, менің  өз үйім!

    Ай-хой, менің өз үйім!

    1 year ago
    Астананы көшіру – дер кезінде қабылданған тарихи шешім

    Астананы көшіру – дер кезінде қабылданған тарихи шешім

    3 years ago
    Корей мәдениеті насихатталды

    Корей мәдениеті насихатталды

    9 months ago
    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>