⛅
7°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі

    04.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық Мәдениет үйінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Ұлттық құндылықтың қайнар көзі – ұрпақтар сабақтастығында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

    Аталған жиынға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Қырғыз елінен келген ағарту саласының өкілдері – Қиялбек Ақматов, Жеңішбек Әбдіназаров, Нұрбек Жоошбаев, Астана қаласы әдістемелік орталық қызмет­кері Нұржамал Кәрімбердіқызы, облыс­­тық әдістемелік орталық директорының орынбасары Гүлина Оразәліқызы, «Өлке тынысы» ЖШС дирек­торы, ақын Кәдірбек Құныпияұлы, Кеген аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратжан Қожанұлы, тағы басқа білікті ұстаздар белсене қатысты. Олар күн тәртібіндегі мәселені талқылаумен бірге, пайымды пікірлерін ортаға салды.
    Семинардың басты кейіпкері – жер­лесіміз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразақынова. Ғалым-ұстаз «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы ретінде отандық педагогика ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегіне Алаш зиялы­ларының ағартушылық идея­ларын негіз етті. Бұл әдістеме бүгінгі таңда Қырғызстан мен Моңғолия мектеп­терінде де қолданылады. Алматы облы­сы аталған технологияны алғашқы­лардың бірі болып пайдаланды. 2004 жылдан бастауыш және қазақ тілі мұғалім­дерімен бірлескен жұмыстар қолға алынды. Екі мыңнан астам ұстаз арнайы курс­тардан өтіп, сертификат иеленді.
    – Менің пайымдауымша, осы бір шағын ауыл – Бөлексазда да талантты балалар аз емес. Соларға бағыт-бағдар беру – басты міндетіміз. Семинардың осында ұйымдастырылуы сондықтан. Бұл – шәкірт­тердің білімін, танымын ұштау мақсатында жасалып жатқан шара, – деді ұлағатты ұстаз, ғалым, әдіскер Нұрша Алжанбайқызы.
    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев ғалым еңбегінің ерекшеліктеріне тоқтала келіп:
    – Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Ұлттық бірегей­лікті сақтау – елдігіміздің өзегі», – деп атап көрсеткен болатын. Сол себепті, біз дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, жас буынды елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Нұрша Алжанбай­қызының бастамасымен туған жерінде ұйымдастырып отырған шараның берері мол, ықпалы зор, – деген аудан басшысы ғалымға ел атынан Алғыс хат табыстап, иығына камзол жапты.
    Облыстық әдістемелік орталық­ директорының орынбасары Гүлина Оразәліқызы әкім лебізін әрі қарай сабақтады.
    – Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы Қырғызстан, Моңғолия жерінде де кеңі­нен қолдау тапты. Оның халықаралық аяда табысқа жетуі – бәріміз үшін мақ­таныш. Қоғам алдындағы қызметіңіз – әріптес­­теріңіз бен шәкірттеріңізге үлгі, – деді ол.
    – Нұрша апайды қырғыз жұрты да құрметтейді. «Сатылай оқыту» технологиясы қырғыз тілі мен әдебиетін оқытуға тың әсер беріп отыр. Алдағы уақытта бұл әдісті Қырғызстанның барлық мектептеріне енгізсек деген жоспарымыз бар, – деді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қиялбек Ақматов. Қырғызстандық ғалымдар келесі жылы мамыр айында Бішкекте сатылай оқыту технологиясы бойынша халықаралық олимпиада өткізетінін хабарлап, сүйіншіледі.
    – Біз де осы бастаманың баянды болуына тілектес болып келе жатқан азаматтармыз. Бөлексазда арнайы кабинет ашқалы жатыр дегенді естіп қуандық. Қиялбек байкеміз бастап келіп отырған қырғыз бауырларымызға дән ризамыз, – дей келе, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы ұстаздар қауымын баспасөзге жазылуға шақырды.
    Аталған шара аясында Бөлексаз орта мектебінде педагогика ғылым­дарының докторы, профессор Нұрша Оразақынова атындағы кабинет ашылды. Ғылыми-тәжірибелік семинар­дың екінші кезеңі аталған кабинетте жалғасты. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының республика бойынша үйлестірушісі Айжамал Қожайханқызы семинарды ашып, жүргізіп отырды.
    Астана қаласынан келген әдісте­мелік орталық қызметкері Нұржамал Кәрімбердіқызы «Профессор сабағы – сапалы білімнің көрсеткіші» тақыры­бында сөз қозғаса, Алматы қаласы №174 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Зейнепхан Тұрсынбек­қызы орыс тілді балалармен жұмыс, қала балаларының қазақшаға тілін жаттық­тыру бойынша ойларымен бөлісті. Облыстық әдістемелік орталы­қтың бөлім басшысы Аян Сарсенбаева халықтың ең негізгі қасиет­терін балалар бойына қалай дарытудың жолдарына тоқталды. Астана қала­сындағы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының дирек­торы Жәудір Бақтиярқызы, Жамбыл облысы Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алма Қалдарбекқызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының тиімділігін талдады. Сондай-ақ мұғалімдердің шеберлік сағаттары және «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиада өтті. Нұрша Алжанбай­қызының ұйым­дастыруымен өткен олимпиада оқушылар мен мұғалімдердің кәсіби кемелденуіне серпін берді.
    Халықаралық семинарда іс-тәжіри­бесі­мен бөліскен ұстаздар облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Ұлттық құндылықтарға ден қойып, шығармашылық идеялармен тәжірибе алмасуға белсене араласқаны үшін барлық қатысушыға облыстық әдістемелік орталық сертификаты табысталды. Ең бастысы, халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар мұғалім­дердің танымдарын кеңейтті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    1 year ago
    Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды

    Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды

    6 months ago
    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    9 months ago
    Батыр ұранды бақ мекен

    Батыр ұранды бақ мекен

    3 months ago
    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>