Мемлекет басшысының халыққа жолдауында елді «Заң мен тәртіп» қағидатын біржола орнықтырып, білімі мен парасат үстемдік ететін қоғам құруға шақырған. Өз сөзінде азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл ұлттың ұпайы түгелдігін баса айтқан. Президент үндеуі аясында Алматы облысының жастарымен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Соның бір айғағы ретінде бүгін Қонаев қаласында «Заң үстемдігі – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбында ұйымдастырылды. Оған шаһр жастары тартылып, келелі кездесу өтті.
Бұл шара елдің болашағына кесел келтіретін нашақорлық, есірткі саудасына қарсы күресті күшейтуге және жастар арасындағы қауіпті жайттардың алдын алуға бағытталды.
«Вандализм, лудомания, наркомания сынды теріс әрекеттерден сақтауда маңыздылығы зор болды» – дейді ұйымдастырушылар.
«Бұл жұмыстар жастар арасындағы құқықтық сауатты арттыру мен қоғамдық тәртіптің, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған. Заңсыз әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында нәтижелі кездесулер өңірдің өзге де аудандарында өткізілуде. Онда да осы бағытта жастарға терең ой салатын сала майталмандары шақырылуда. Мұндағы мақсат – жастарды барлығына ортақ заңға бағынып, тәртіпті болуға бағыттау», – дейді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Еркебұлан Жақан.
Басқосуға ішкі істер саласының ардагері Қуанышбеков Нұрғанат Жолшыбекұлы шақырылды. Алматы облысында 20 жылға жуық уақыт еңбек етіп, ел тыныштығына, дамуына айтулы үлес қосқан зейнеткер жас буынмен еркін әңгімелесті. Сұхбатында өз ісінің кәсіби маманы болған ардагер тәжірибесін бөлісіп, қатысушыларды кез келген заңсыздықтан сақтануға шақырды. Заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қалыптастыру жолдарын да түсіндірді.
«Бұл салада біраз жылдар бойы қызмет еттім. Жастарға айтарым, заңға деген құрмет, оған бағыну азаматқа тән басты қасиеттердің бірі. Барша жас буынды құқықбұзушылық әрекеттерден сақтануға шақырамын. Өйткені заңға қайшы әрекеттер жастардың болашағына үлкен кедергі. Олардың білімді, жаман әдеттерден сақтанып жүруі үшін аға буынның тәрбиесі аса маңызды. Сондықтан мұндай кездесулер жиі өткізілуі керек» – дейді ардагер.
Шарада спикер тақырыпты кеңінен тарқатты. Жас буынды жамандықтан сақтануға шақырды. Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға айрықша үлес қосты.
Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі




