[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    324 маман және заманауи жабдық: Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады

    29.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    324 маман және заманауи жабдық: Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Жаңа емхана Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында бой көтерді. Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов қатысты. Одан бөлек, басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері де қуанышқа ортақтасты.

    Облыс әкімі жиналған қауымды жаңа денсаулық сақтау мекемесінің ашылуымен құттықтап, заманауи талаптарға сай жабдықталған емханада тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар екенін айтты.

    Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде денсаулық сақтау саласының стратегиялық маңызын атап өтіп, жаңа ғимарат халықтың игілігіне тиімді қызмет ететініне тоқталды: «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы әсіресе өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Осы жобаның жүзеге асырылуы – сол жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл емханада медицина қызметкерлерінің сапалы әрі нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Соның арқасында, әрбір тұрғынға сапалы медициналық көмек уақытылы көрсетіліп, аурулардың алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу толық қамтамасыз етілетініне сенімдімін. Бұл ретте, осы емхананың құрылысын жүргізген мердігер «AK Construction» компаниясына зор алғысымды білдіремін», – деді өңір басшысы.

    Айта кетейік, жаңа емхана ауданның 200 мыңнан астам халқына шақталған. Ал күніне 250 адам қабылдауға қауқарлы. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің барлық талаптарына сай келеді. Мұнда жоғары технологиялы диагностикалық аппараттар, цифрлық рентген, ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары, зертханалық талдау жүйелері, телемедицина мүмкіндіктері және жедел медициналық көмекке арналған заманауи жабдықтар орнатылған. Мекеменің штаттық құрамында барлығы 324 қызметкер бар. Оның ішінде

    98-і дәрігерлік персонал болса, олардың 66-сы бейінді мамандар. Орта медициналық персонал саны – 194 адам, кіші медициналық персонал – 24. Сонымен қатар, өзге бағыттағы 8 қызметкер еңбек етеді.

    Қазіргі уақытта, Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 13 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Жобалардың жалпы құны 8,2 млрд теңгеден асады. Бүгінде 38 нысанның 12-сі пайдалануға берілді, қалғаны жыл соңына

    Ұсынымдар

    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    1 year ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Суға шомылу ережелерін бұзғандарға айыппұл салынды

    2 years ago
    Жұмабай Шаштайұлы

    Жұмабай Шаштайұлы

    2 years ago
    Ғалымның ғибратты ғұмыры

    Ғалымның ғибратты ғұмыры

    8 months ago
    Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

    Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>