⛅
2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ағам бар менің…

    11.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Мәдениет
    Ағам бар менің…
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Кеген ауданы Тасашы орта мектебі жанындағы интернатта қазақ халқының ағайындық, бауырмалдық, үлкенді сыйлау дәстүрін насихаттау, оқушыларды бірлікке, мейірімге, ауызбіршілікке тәрбиелеу, отбасындағы аға рөлінің маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Ағасы бардың – жағасы бар» атты тағылымды кеш өтті.

    Шараға Кеген аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, Тасашы ауылының әкімі Ерболат Төребаев, мектеп директоры Нұргүл Қырықбайқызы, интернат тәрбиеленушілері мен ұстаздар қатысты. Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, арқа тұтады. Ал қазіргі таңда балалар аға қамқорлығын көріп жүр ме? Ағаның ең басты міндеті қандай деп ойлайсыз? Осындай сұрақтар төңірегінде балаларға кеш қонақтары тұшымды жауап қайтарды.
    Аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нөкербанұлы:
    – Отбасында ағаның атқаратын міндеті зор. Ол өзінен кейінгі іні-қарындасына дұрыс жол көрсете білуге тиіс. Сонда ғана жасы кішілер оны өнеге тұтады. Айтқан ақылын тыңдайды. «Ағасы бардың – жағасы бар» деген сөз тәлімі мол жандарға қаратып айтылған, – дей келе, жас ұрпақ­тың әуелгі ата-ана, ұстаз тәрбиесін алу, көп ізденіп, көп оқу керектігін тілге тиек етті.
    Аталған шарада 8-сынып оқушысы Серікбек Бижамал «Ағам бар менің» әнін орындаса, 7-сынып оқушысы Әли Қайрат ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең­дерін оқыды.
    Кездесу барысында ауыл әкімі Ерболат Төребаев жастардың бойына рухани құнды­лықты сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге құр­мет көрсету жайында ағалық кеңесін айтса, мектеп директоры Нұргүл Қырықбайқызы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнеге берер әсерлі әңгімелерін ортаға салды.
    Интернат меңгерушісі Құралай Оқасова кездесу кешін қорытындылап, алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғаса беретінін жеткізді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Әжеге құрмет

    Әжеге құрмет

    7 months ago
    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру шарттары

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру шарттары

    3 months ago
    Ардагерлерді құттықтады

    Ардагерлерді құттықтады

    2 years ago
    Саяжай мәселесі күн тәртібінен түспейді

    Саяжай мәселесі күн тәртібінен түспейді

    1 year ago
    Ұйым жұмысы сараланды

    Ұйым жұмысы сараланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>