[um_weather city="Қонаев"]
Жексенбі, Қаңтар 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әйел – ана, әйел – кәсіпкер

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Әйел – ана, әйел – кәсіпкер
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ қоғамындағы әйелдердің орасан зор рөлін әрдайым жоғары бағалап, олар тек жаңа ұрпақты тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды нығайтып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық және саяси өмірге белсене қатысып, жетекші лауазым­дар­ды иеленіп, бизнес­ті де табыс­ты жүргізіп жатқанын, іскер әйелдердің жасампаз энергиясы елдің дамуы үшін қуатты күш екенін үнемі айт­ып келеді. Талғар ауданында кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткен форумда дәл осы әйелдердің кәсіп­керлік белсенділігін арт­тыру, табысты әйел­дердің тәжірибесін насихат­тау, өз кәсібін енді ғана бастағандарды қолдау мәсе­ле­лері талқыланды.

    «Әйелдер кәсіпкерлігі: табыс пен дамуға бастайтын жол» тақырыбында өткен ауқымды шара кезінде Мәдениет үйінің фойесінде облыстың түрлі аудандарынан келген кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды. Жиынға Алматы облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Ботабекова, облыс әкімінің гендерлік мәселе­лер жөніндегі кеңесшісі Бақытгүл Елшібаева, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков, «Дана» жекеменшік мектебінің және «Еркем-ай» балабақшалар желісінің құрылтайшысы, «Bilim Invest» ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығының вице-президенті Күләнда Батырбекова, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының төрағасы Меруерт Молдашева, кәсіп­кер әйелдер, әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, үкімет­тік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
    Форумды ашқан Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Әскербеков шараның өзектілігі мен кәсіпкер әйел­дердің қоғамды дамытудағы рөлін айрықша атап өтті.
    – Қазіргі кезде әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді әрі шешуші рөл атқаратыны, идеялар мен инновациялық бастамаларды ілгерілетуде қозғаушы күш болып саналатыны баршаға белгілі. Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдағы рөлін әрдайым жоғары бағалап, оларды қолдау қажеттігін үнемі айтып келеді. Ауданда бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Ауданның шағын және орта бизнес құрылымында жеке кәсіпкерлер үлесі 79%-ды құрайды, олардың 19 мыңнан астамы ресми тіркелген. Соның 8 мыңға жуығы – нәзік жандар. Біздің міндетіміз – кәсіпкер әйелдердің санын арттыру. Форум жаңа идеяларды, бастамалар мен ұсыныстарды іске асыру алаңына айналатынына сенімдімін, – деді Әнуар Жанболатұлы.
    Жиында алғашқы болып облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Ботабекова сөз алды. Ол өзінің еңбек және өмір жолын баяндап берді. Ләззат Қайсарқызы ауыр индустрияда жұмыс істеп, кезінде тас көмір өндіре­тін отын-энергетика компаниясының директоры болған. Көп жыл бойы мемлекеттік қызметте, тұрғын үй құрылысы саласында еңбек еткен жанға көмірді өнеркәсіптік өндіру негіздерін меңгеру оңай соқпаған. Бірақ қажырлы жұмыстың нәтижесінде халыққа отынның бірінші партиясын жіберіп, содан кейін оның көлемін арттыруға қол жеткізген. Осы орайда ол залда отырған әйелдерді жаңа саланы игеруден қорықпауға және таңдаған жолын берік әрі сенімді ұстануға шақырды.
    Одан соң мінбеге көтерілген Бақытжан Елшібаева «Әйелдердің мәртебесін және олардың мүмкіндік­терін арттыру» тақырыбын қозғап, гендерлік теңдік мәселеcін жан-жақты сөз етті. «Әйелдердің қоғам­дағы рөлі және әйелдер қанатының бастамалары» тақырыбын арқау еткен Меруерт Молдашева «AMANAT» партиясы­ның әйелдер қанаты 2023 жылы құрылғанын, содан бері олардың құқығын қорғау, бизнестегі және басқа да салалардағы рөлін ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жиында «ART PRODUCTIONS» компаниясының директоры, облыс­тық мәслихат депутаты Гүлжан Түсібиянова «Менің арманым бизнеске айналған сәт» тақырыбында баяндама жасап, әйелдерді өмірдің сынағынан қорықпауға, арманы мен мақсатын басты орынға қоюға шақырды.
    Өзінің табандылығы, ерік-жігері мен қайсар мінезі, сондай-ақ отбасының қолдауы арқасында табысты оқу орындары желісін ашып, білім беру саласында биік белестерге қол жеткізген ең тәжірибелі кәсіпкер Күләнда Батырбекова да сөз алып, «Отбасында міндетті түрде ең болмағанда бір кәсіпкер бала тәрбиелеу керек, сонда ол өз отбасына ғана емес, қоғамға да пайда әкеледі» деген ойын ортаға салды.
    Шара барысында «NOVA INVEST» ЖШС директоры Қарлығаш Ыбыраева мен «Ұлттық құндылықтар» қоғамдық қорының негізін қалаушы әрі құрылтайшысы Зухра Қасайынова, форумның негізгі ұйымдастырушысы, Талғар аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Қарагөз Жоланқызы да өз тәжірибесімен бөлісіп, тілек-ниеттерін жеткізді.
    Жиын соңында қатысушылар аудан әкімі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының грамоталарымен марапат­талды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    Өнер мектебі өрендер үшін!

    10 months ago
    Жыл басынан бері 143,2 мың адам жұмысқа орналасты

    Жыл басынан бері 143,2 мың адам жұмысқа орналасты

    8 months ago
    «Ақтаңгер» сыйлығы табысталды

    «Ақтаңгер» сыйлығы табысталды

    3 weeks ago
    Цифрлық шешімнің тиімділігі зор

    Цифрлық шешімнің тиімділігі зор

    1 month ago
    «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті

    «Халық қаһарманы – Бақтыораз» атты облыстық рухты-патриоттық конференция өтті

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>