[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аллея салынса…

    18.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Аллея салынса…
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Жамбыл ауданының әкімдігінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтар жиналып, атқарушы биліктің алдына өз ұсыныстарын айтты. Кездесуге «Желтоқсан тарихы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Айсұлу Кеңесова мен республикалық «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының Жамбыл ауданы бойынша жетекшісі Құсайын Абжанұлы келді. Оларды аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтгүл Медеуова және аудан әкімі аппаратының басшысы Әмірхан Досымбетов қабылдады.

    Желтоқсаншылар аталған қоғамдық бірлестіктердің алдына қойған мақсаты мен міндетінен хабардар етті. Сонымен бірге сол кездегі өрімдей қыз-жігіттер бүгінде біраз жасқа келіп, көпшілігінің денсаулығы сыр бергенін, оларға мемлекет тарапынан қолдау керек екенін жеткізді.
    Жиын барысында желтоқсаншылар бірқатар нақты ұсынысты ортаға салды. Атап айтқанда, олар ауданның адам көп жүретін көрікті жерлерінің бірінен «Желтоқсаншылар аллеясы» салынса, бұл жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге сеп болатынын жеткізді. Желтоқсаншыларды қолдау мақсатында оларға коммуналдық қызметтерді төлеуде жеңілдіктер қарастырылса, сондай-ақ жыл сайын ең болмаса 2-3 адамға санаториялық-курорттық емделуге тегін жолдама берілсе деген ұсынысын да айтты.
    Аталған ұсыныстар талқыланып, тиісті мекемелерге жолданатын болды. Кездесуде Жамбыл ауданында барлығы 36 желтоқсаншы тіркеліп, олардың 25-і ақталғаны айтылды.

    Серік ӘШІМБЕКҰЛЫ
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    8 months ago
    Су тарифі тұрақталады

    Су тарифі тұрақталады

    2 years ago
    Антикор: Биыл Алматы облысында 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалды

    Антикор: Биыл Алматы облысында 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалды

    3 years ago
    Жолақы жыры бітер ме?

    Жолақы жыры бітер ме?

    2 years ago
    Балабақша

    Балабақша қызметкерлерінің жалақысын өсіру қарастырылып жатыр

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>