⛅
-0°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «Best Volunteers» үздік волонтерлерді марапаттау рәсімі өтті

    25.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология
    Алматы облысында «Best Volunteers» үздік волонтерлерді марапаттау рәсімі өтті
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында волонтерлік қызметте белсенділік танытып, қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген Алматы облысының жастарын ұлықтауға арналған «Best Volunteers» марапаттау рәсімі өтті.

    Салтанатты жиында сөз алған Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – аймақтағы еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосқан белсенді жастарды анықтап, олардың еңбегін көпшілікке таныту және лайықты марапаттау.

    – Волонтерлік қызметтің әлеуметтік маңызын кеңінен насихаттау, жастарды қайырымдылыққа, өзара көмекке, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, еріктілік бастамаларды қолдау және жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту – бүгінгі шараның негізгі міндеттері. Сонымен қатар, жаңа еріктілерді тарту да басты назарда, – деді ол.

    Марапаттау рәсіміне Қарасай аудандық мәслихат депутаты Батырбекұлы Бекжан Сүнбеков те қатысып, қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың еңбегіне алғысын білдіріп, алдағы қайырымдылық бастамаларына сәттілік тіледі.

    Шара барысында Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласынан іріктелген, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бастамаларды дамытуға елеулі үлес қосқан 11 үздік волонтер марапатталды. Жеңімпаздардың әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы, сондай-ақ алғыс хаттар табысталды.

    «Best Volunteers» жеңімпаздары:

    • Балқаш ауданы — Қожамұрат Әлібек Айдосұлы

    • Еңбекшіқазақ ауданы — Серік Сымбат Еркешқызы

    • Ұйғыр ауданы — Розахунов Батур Баратович

    • Қарасай ауданы — Мчедлидзе Ясми Мұстафақызы

    • Қонаев қаласы — Турагул Арнур Нұрланұлы

    • Қонаев қаласы — Садыкова Миргүл Бейбітовна

    • Алатау қаласы — Қалдыбаев Нұрсұлтан Ерланбекович

    • Талғар ауданы — Боровиков Аркадий Александрович

    • Кеген ауданы — Абидкаликова Нұргуль Нұрғалиқызы

    • Іле ауданы — Беспай Самина Серікқызы

    • Іле ауданы — Қанатқызы Аружан

    Аталған волонтерлер – мейірімділік пен жауапкершіліктің, белсенді азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі. Осындай жанашыр әрі белсенді жастардың арқасында қоғамдағы бірлік пен ынтымақ нығайып, игі істердің ауқымы кеңейе түсуде.

    Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Студенттерге кеңес берілді

    Студенттерге кеңес берілді

    11 months ago
      Ұрпақ ұмытпасын десек…

      Ұрпақ ұмытпасын десек…

    2 years ago
    Ел еңсесін еңбек көтереді

    Ел еңсесін еңбек көтереді

    7 months ago
    Қарияларға құрмет

    Қарияларға құрмет

    3 months ago
    халықтық штаб мүшелері «Қазпочта» қызметкерлерімен кездесті

    халықтық штаб мүшелері «Қазпочта» қызметкерлерімен кездесті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>