⛅
4°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге 50-ден астам өтініш қаралды

    11.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін кеңейтуге 50-ден астам өтініш қаралды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаменті 2025 жылдың 11 айында атқарған жұмысының қорытындысын жариялады. Баспасөз мәслихатында департамент басшысы Дәулет Қалдығожин баяндама жасап, бәсекелестік ортаны қорғау бағытындағы негізгі көрсеткіштерді таныстырды.
    Департамент монополистердің тұтынушылардың құқығын бұзбауын заң шеңберінде қадағалайды. Сонымен қатар, тауар мен қызмет сапасын әділ бәсекелестік арқылы арттыруға ықпал ететін мемлекеттік орган.
    Бүгінгі таңда Алматы облысындағы аталған Департамент бәсекелестік талаптарын бұзғандарға тиісті хабарлама жолдап, монополистердің заң бұзуының алдын алған.
    Департамент басшысы Дәулет Қалдығожиннің айтуынша, осы уақытқа дейін 8 хабарлама жолданған. Оның басым бөлігі тұтынушылардың пайдасына шешілген.
    Атап айтар болсақ, прокуратура қаулысының негізінде «Қапашағай өңірлік газ желілері» ЖШС-не тауарлық газды бөлше саудаға беруде тұтынушыларға көрсетілмеген қызметтер үшін төлемақы алып отырғаны анықталды. Осы өрескел қателікті түзету мақсатында заңды тұлғалар үшін міндеттемелерді тоқтату және одан әрі қоспау қажеттігі туралы хабарлама жолданды. Департаменттің хабарламасы толықтай орындалып, газ жабдығының нақты көрсетілмеген міндетті қызметтері үшін артық төлем тоқтатылды.
    Тұтынушының құқығын аяқ асты еткендердің бірі – «БАКАД Инвестициялар және операциялар» ЖШС. Олар жеңілдікті абонемент беру кезінде “ішкі істер органдарынан КО тіркеу орны көрсетілген анықтама” түрінде қосымша құжаттарды талап еткен. Серіктестікке арнайы құжат жолданып, бұдан бұлай заңсыз негізде құжат талап етудің жолы кесілді.

    «Біздің Департамент бәсекелестікті шектеуге әкелуі мүмкін әрекеттерді анықтап, нарықтағы бәсекелестікті бағалауға үшін бірқатар жұмыстарды атқарады. Мәселен, тауар нарықтарына 14 талдау жүргізілді» деп атап өтті спикер.
    Айта кетейік, бұған дейін Департаментке мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құруға және кеңейтуге 50-ден астам өтініш түсіп, оның 16-ы оң шешімін тапқан.

    Ұсынымдар

    Мерейлі мереке

    Мерейлі мереке

    1 year ago
    Тартысты сайыс

    Жас балуандар бәсекесі

    1 year ago
    Мектебіміз апатты жағдайда тұр

    Мектебіміз апатты жағдайда тұр

    1 year ago
    Қазақстанға Ресей президенті келді

    Қазақстанға Ресей президенті келді

    2 years ago
    Рәміздер күніне орай ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті

    Рәміздер күніне орай ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>