🌫️
-7°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге арналған профилактикалық іс-шаралар талқыланды

    22.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Төтенше жағдай
    Алматы облысында жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге арналған профилактикалық іс-шаралар талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуге арналған профилактикалық іс-шаралар барысы талқыланды. Брифинг барысында “Газбаллон”, “Пиротехника”, “Қауіпсіз жаңа жыл” республикалық акциясының нәтижелері жарияланды. 
    Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Макеновтың айтуынша, мерекелік іс-шараларды өткізуге тартылған 514 нысан есепке алынып, оның 279-ында тексеру жүргізілген.
    «Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 412 бұзушылығы анықталды. Оның 378-і жедел түрде жойылды. Қазіргі таңда 245 нысан өрт қауіпсіздігі талаптарын толық сақтай отырып жұмыс істеуде», – деді Арман Макенов.
    Спикердің мәліметінше, ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында 11 жедел топ құрылып, кезекшілікке 37 офицер тартылған. Сонымен қатар іс-шара өтетін нысандар бойынша 31 жедел жоспар мен өрт сөндіру карточкалары нақтыланып, аумақтарға 4 бірлік өрт сөндіру техникасы орналастырылған.
    «Газ құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу бойынша автокөлік иелері мен станция қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Арман Макенов.
    Жалпы қабылданған шаралар жаңа жылдық мерекелер кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағдайды тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік берген. Бұл бағыттағы жұмыстар профилактикаға басымдық бере отырып алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

    Ұсынымдар

    Сарбаздар сайысы

    Сарбаздар сайысы

    9 months ago
    ҰРПАҒЫҢА МЕДЕТ БЕР, ҰЛЫ БАБАМ!

    ҰРПАҒЫҢА МЕДЕТ БЕР, ҰЛЫ БАБАМ!

    5 months ago
    Жасанды интеллект әліппесі

    Жасанды интеллект әліппесі

    9 months ago
    Серпінді сенбілік

    Серпінді сенбілік

    3 months ago
    Жаңа қала – жарқын болашақ

    Жаңа қала – жарқын болашақ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>