🌫️
-2°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ән әлеміне жарқын қадам

    20.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ән әлеміне жарқын қадам
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өңір мәдениеті үшін мәні бөлек жаңа жоба көпшілікке таныстырылды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бастамасы және тікелей қолдауымен құрылған «Алатау VOICE» вокалдық квартетінің «Алатауым – айбыным!» атты ресми тұсаукесер концерті өтті.

    Салтанатты шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, халық шығармашылығы орталығы және Райымбек ауданының әкімдігі ұйытқы болды. Кештің негізгі мақсаты – жаңа кәсіби ұжымның шығармашылық бағытын таныстыру, өңірдің мәдени әлеуетін көрсету және жергілікті таланттарды қолдау.
    Концерттік бағдарлама үш бөлімнен тұрды. Әр бөлім тыңдарманға орындалған шығармаларды түйсініп, саралауға мүмкіндік беретін шағын үзілістермен жалғасты. Кеш атауы ұжым репертуарының мазмұнын айқындап, туған өлкенің табиғаты, тарихы мен рухани болмысы басты идея ретінде көрініс тапты.
    Облыс әкімі Марат Елеусізұлының кешке арнайы қатысуы бұл бастаманың бір реттік жоба емес, өңір мәдениетін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді, жүйелі жұмыс екенін аңғартты. Әкімдік қолдауымен кәсіби вокалдық ұжымның құрылуы аймақта шығармашылық ортаға жасалып отырған нақты қадам ретінде бағаланды.
    «Алатау VOICE» алдағы уақытта тек концерттермен шектелмей, жаңа шығармалар жазу, ірі мәдени іс-шараларға қатысу және облыс мәдениетін республика көлемінде кеңінен насихаттауды мақсат етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар ұжымның өңірдің мәдени келбетін қалыптастыруға қосар үлесін айқындай түспек.
    Кеш соңында көрермендер өнерпаздарға ұзақ қол соғып, жаңа шығарма­шылық ұжымға деген ыстық ықыласын білдірді. Облыс және қала басшылығы тарапынан сыйға тартылған ықылас гүлі жас орындаушыларға берілген сенімнің белгісі ретінде қабылданды.
    Қонаевта өткен тұсаукесер концерт «Алатау VOICE» ұжымының шығармашылық жолы сенімді басталғанын көрсетіп, мәдени ортада табысты дамуына жол ашты.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Облыс әкімі сингапурлық компания өкілдерін қабылдады

    3 years ago
    Орны бөлек онкүндік

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

    10 months ago
    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    Оңтүстік облыстарда астық ору науқаны аяқталып келеді

    2 years ago
    Сатира сардары

    Сатира сардары

    2 years ago
    Жауапсыз іске жол берілмейді

    Жауапсыз іске жол берілмейді

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>