⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Арғымақ көңіл азамат

    20.12.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Арғымақ көңіл азамат
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Амандасуды мал-жан сұрасудан бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек. Солардың ішінде жылқыны ерекше қадірлеп, төрт түліктің төресі деп таныған. Бүгінде сол бір баба тағылымын байлыққа айналдырып, атакәсіптен «аузы аққа жарыған» жандар бар. Солардың бірі – Керімбек Сәрсебекұлы.

    Бабаларымыз «Жылқы айдаса – жаудікі, ысқырса – желдікі» деп, бұл түлікті бағудың қиындығын да айтып кеткен. «Жылқыны жылқының тұяғынан қатты адам бағады» дегені де тегін болмаса керек. Әсіресе, алты ай қыста үйірді көзден таса қылмай, қадағалап бағу жеңіл шаруа емес екені белгілі.  «Еңбектің көзін тапқан байлықтың өзін табады» демекші, міне, осы баба жолын жалғап, тағылымын байлыққа айналдырған атакәсіп иесі – Керімбек Сәрсебекұлы. Керімбектің әкесі Сәрсебек ақсақал  жұрт әлі нарыққа бейімделіп үлгермеген Кеңес кезеңінде жылқы өсіре бастапты.  Сөйтіп  еңбекқор әке бар қиындыққа төзіп, өрісін малға толтырады. Кейін ұлы Керімбекті де атакәсіпке үйрете бастайды. Ат сүрінбей жерін, ер сүрінбей елін таныған ба? Керімбек те  осынау кенен ой, кемел дәулетке оңай жеткен жоқ. Қыран баласына жемтігін аспанда самғай жүріп, тастап жіберіп іліп алуын кадағалайды екен. Уақытыңды уысынан ала қашқан мынау түлкі заманда Сәрсебек ақсақал ұлы Керімбекке білгенін үйретті. Әке сөзін тыңдап өскен Керімбек те жолын қуып, Қамбар ата түлігін өсірудің  қамына кіріседі.
    – Жылқы малын кім болса сол, екінің бірі баға алмайды. Жылқы мінезді, қырағы адам ғана киелі жануардың  бабын табады. Себебі жылқы  – түліктердің жасығы емес, асылы, шабаны емес, жүйрігі, қорқағы емес, батылы.  Жылқының өсіп-өнуі жаз өрісін, қыс тебінін тауып, дұрыс бағып-күтуге байланысты. Қысқы тебін – қораға жиып қойған шөппен тең. Сондықтан оны тиімді пайдаланып, жақын өрісті үнемі сақтап отырамыз. Тебінді беталды таптатпай, шетінен тәртіппен жегіземіз. Қыста күндізгі тебіннің бір бөлек, түнгі тебіннің бір бөлек, ықтасыны мол сайлы, бұталы жер болғаны жақсы. Жылқы малын еркіне қарай жаюмен қатар, оның мезгілімен жусауын да қадағалаған жөн.  «Жаз санымды сабалап, тұнық суда жүзбедім, күз ебелекке еркін түспедім» деп жылқы аңсайды екен деген сөз бар халық аузында. Жылқы жазда сулы жерді жаратады. Ол терең суда малынып, құйрығымен сабаланып, рахаттанып ұзақ тұрады. Мұнысы олардың терісі кеңіп, көбеңсіп еттене бастағаны. Сондықтан жылқының жазда судан қағажу қалмауын қадағалаудың артықтығы жоқ. Жылқы – өте талғампаз, кірпияз түлік. Жеке жайылғанды ұнатады. Осыған сай халық арасында жылқы «Қойдың қыста ізін көрсетпе, жазда жүзін көрсетпе» деп тілейді екен деген де түсінік бар, –  дейді Керімбек.
    Ол семіртіп соғым жеп, секіртіп ат мінсем болды демей, ғылыми-тәжірибелік негізде жыл сайын жылқы тұқымын асылдандырады. Бүгінде өзі бағып отырған 200 бас жылқының дені асыл тұқымды. Жүйріктері мен жорғаларын аламан бәйгеге қосып, жүлде алуға жүгіретіндер де  Керімбектің  құнаны мен  айғырларына құда түсіп келіп жатады. Жомарт жылқышының жоқ деместен қал­ған  қылқұйрықтыны  сұраушысына жетелетіп жіберетіні тағы бар.
    Осынау арғымақ көңіл азаматтың керім де кербез зайыбы  Ләзаттың қолы ашық, дастарқаны берекелі еді. Жарық дүниемен қоштасқанына бірнеше жылдың жүзі болған аяулы жанның азаматын аялаған асыл сезімі, айналасына шуақ шашқан  жарқын   бейнесі ғана қалды көңілде.
    Өмірдің салған сынағына да қайыс­пай, бақытын еңбектен тапқан  Керімбектің батылдығы мен қайсар­лығы, табандылығы өзгелерге үлгі. Бүгінде атакәсіпті жалғап, «Сәрсебек» шаруа қожалығының жұмысын шалқыта отырып, айналасын жасыл желекке айналдыруы да жанға сая. Мұндағы әр тал, баппен отырғызылған ағаштар өркен жайып, бүгінде қалың орманға, мәуелі баққа айналған. Ал өрісі малға толы. Міне, осындай еңбекқорлығымен елге сыйлы,  ісімен үлгі, құрығы құтты жылқышы қашанда құрметке лайық.

    Нұрманбет Қизатұлы
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Бердібектің бұлағы

    Бердібектің бұлағы

    1 year ago
    Әкім Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын аралады

    Әкім Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын аралады

    3 years ago
    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    2 years ago
    Алматы облысында кемпірқосақ форелі  өсіріледі

    Алматы облысында кемпірқосақ форелі өсіріледі

    2 years ago
    Қоқыс полигонында су жинақтағыш резервуар салынуда

    Қоқыс полигонында су жинақтағыш резервуар салынуда

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>