⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Ауыл еңбеккерлеріне құрмет

    24.12.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ауыл еңбеккерлеріне құрмет
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Жамбыл ауылдық Мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті. Салтанатты шараға өңір еңбеккерлері мен сала мамандары қатысып, ауыл шаруашылығында қол жеткен жетістіктер мен алдағы межелерді саралады.

    Мәдениет үйінің кіреберісіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі қойылды. Мұнда шикізатты ұқсату өндірісінің жұмысы айқын көрініс тапты. Одан кейін көрермен залында салада атқарылған жұмыстың нәтижесі кеңінен сөз болды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Азамат Сұлтанов ауыл шаруашылығының бір жыл бойғы жұмысының есебін берді. Баяндамада саланың қарқынды дамып келе жатқаны, соңғы жылдары аудан экононика­сы тұрақталып, аграрлық сектордағы жұмыс біршама жақсарғаны нақты көрсет­кіштермен келтірілді.
    Баяндамада жыл басынан бергі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 67 млрд теңгеге жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш ауданды облыстағы алғашқы үштіктің қатарына шығарады. Ал мал саны бойынша бұл аймақ көш бастап тұр. Облыстағы 2 жарым млн малдың жартысына жуығы Жамбыл ауданында тіркелген. Атап айтқанда, мұндағы қой-ешкі саны қазір 1 млн 200 мыңға жетті. Сонымен қатар 114 мың бас ірі қара, 57 мың бас жылқы бар. Облыста тіркелген 8 мың бас түйенің 1 жарым мыңы осында. Саланы мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өнім өндіру мен қайта өңдеу саласында оң өсім байқалады. Жыл басынан бері 15 мың тоннаға жуық ет, 32 мың тонна сүт, 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Биыл диқандар 103 мың тоннадан астам астық бастырып, бидай, арпа, жүгері мен сұлы өнімдерін алды. Сондай-ақ 30 мың тонна көкөніс жиналды. Аграрлық секторды қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 шаруашылық қолдауға ие болды. Нәтижесінде грант иегері атанып, кәсібін жүргізіп отырғандар қатары өсе түсті.
    Ауылшаруашылық техникасын жаңарту ісі де жүйелі жүргізілуде. Сондай-ақ 22 мың гектар суармалы алқаптың жартысы тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесін пайдаланады. Қысқа дайындық ойдағыдай. Биыл 1 миллионнан астам мал қыстатылмақ. Ол үшін 535 мың тоннадан астам мал азығы дайындалған. Мал ұрлығына қарсы шара ретінде биылдан бастап малды таңбалау және тіркеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жиында саладағы жұмыстың бұдан басқа да қырлары жан-жақты сөз болды.
    Шара барысында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрмәди Әлібаев тауар өндірушілерге ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Келесі кезекте мінбеге көтерілген шаруашылық жетекшілері тәжірибелерімен бөлісті. Бұл орайда Үңгіртас ауылдық округі­­нің аумағында орналасқан «Хеппи Фарм» сүт-тауарлы фермасының  меңгеру­шісі Ернар Мөрлібаев, Шиен ауылын­дағы «Жахангер» шаруа қожалы­ғы­ның басшысы Ғабит Әбуов шаруа жайы­мен таныстырды.
    Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас сала еңбеккерлері мен мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, ауыл шаруа­шылығын дамытуға өзіндік үлесін қосқан біраз азаматқа салтанатты жағдайда марапат тапсырды. Мұндай құрметке шаруа қожалықтарының төрағалары, малшы, механизатор, мал дәрігері, агроном, техник-ұрықтандырушы, сонымен қатар ауыл әкімдері мен бөлім қызметкерлері ие болды. Оларға сахна төрінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталары, «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы мен аймақтық кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттары табысталды. Еңбегімен ерекшеленгендердің қатарында Қарабастау ауылынан Асхат Болатұлы, Шолаққарғалы елдімекенінен Көркем Белгібаев, аққайнарлық Абай Құнанбайұлы, Қарасу округінен Әділбек Аманов, Жамбыл ауылынан Дастан Өтембаев, Ақсеңгір елдімекенінен Жұмахан Дүкеев, дегерестік Ерсін Әбішов, Самсыдан Айдар Зәкіров, Ұзынағаш округінен Талғат Қалиев сияқты шаруа қожалық басшылары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, сондай-ақ Бозой және Үңгіртас ауылдық округтерінің әкімдері Торғын Бейсембаева мен Дәурен Әбдуәли және басқа да азаматтар бар.
    Жиын соңында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің құрметіне аудандық «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерт қойды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Ауыл әкімі: жаңа құзыреттің  жүгі қандай?

    Ауыл әкімі: жаңа құзыреттің жүгі қандай?

    1 month ago
    Алматы облысында уланған оқушылар дәрігерлер бақылауында

    Алматы облысында уланған оқушылар дәрігерлер бақылауында

    3 years ago
    Көршіңмен тату бол!

    Көршіңмен тату бол!

    1 year ago
    Үздіктер  қатарында

    Үздіктер қатарында

    3 months ago
    Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті

    Мемлекет басшысы Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>