Қонаев қаласы тұрғындарының қуанышы еселене түсті. Әлеуметтік осал топқа жататын 13 азаматқа заманауи үлгіде салынған көпқабатты үйлерден пәтер кілті табысталды.
Баспана – әр отбасының берекесі. Осы асыл құндылықты ту етіп, елге жанашырлықпен қызмет етіп келе жатқан кәсіпкер «NJ Qurylys» ЖШС компаниясының үлескері, «ART-KZ» мәрмәр өнімдерін өңдейтін зауыттың иесі, «АБАД Құрылыс» компаниясының іргетасын қалаушы Нұрғали Мылтықбаев Қонаев қаласының тұрғындарына тегін пәтерлер сыйға тартты. Бұл игі іс пәтер кезегінде тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім және мүгедектігі бар балалар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты жандар сияқты әлеуметтік осал топтағы азаматтардың санын бірте-бірте азайтып, өткір мәселенің шешілуіне ықпал ететіні сөзсіз.
«Мұндай қолдаулар болашаққа деген сенімді арттырып ел бірлігін нығайтады. Қайырымды іске ұйытқы болған кәсіпкер Нұрғали Төребекұлына қала тұрғындары атынан зор алғыс білдіреміз!» – деді баспана алу бақытына ие болған қала тұрғындарының бірі Лаура Тоқтанова.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Қонаев қаласы
