🌡️
2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Достық дәріптелді

    09.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Достық дәріптелді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

        Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени байланыс 1991 жылы Алматыда Корей білім беру орталығының құрылуынан бастау алған болатын. Соңғы 20 жылдағы бірлесіп ұйымдастырылған концерт, көрме, театрлық қойылым, ғылыми конференция, сән үлгілерін көрсету, Қазақстанның өнер мен бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерін Кореяға шақыру сияқты шаралар екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етті.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қазақстан-Корей мәдениетінің тәжірибе алмасу күні аясындағы Қонаев қалалық Мәдениет үйінде өткен достық шарасы – соның бір айғағы. Мақсаты – Қазақстан халқына дәстүрлі және қазіргі заманғы Корей мәдениетімен жеке танысуға мүмкіндік беру, олардың Кореяға деген түсінігі мен қызығушылығын арттыру.
    Шараны ашқан Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қазақ-кәріс мәдени байланысы әртүрлі халық­тардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының бір-бірін байытып, толықтыра алатынының жарқын мысалы екенін атап өтті. Осындай бірлескен мәдени шаралар арқылы екі халықтың достығы нығайып, құндылықтары дәріптелетінін тілге тиек еткен шаһар басшысы Корей Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Хэ Тэ Ук пен Оңтүстік Кореядағы «Ханин Ильбо» газетінің бас редакторы Ким Сан Уктің иығына шапан жапты.
    Келесі кезекте Корей Республика­сының Алматы қаласындағы Бас Консулы Хэ Тэ Ук сөз алып, кәріс халқының жапон отаршыларына қарсы күресіп, бостандыққа қол жеткізгеніне 80 жыл толып отырғанын айта келе, жиналған қауымды тарих пен бүгінгі күн арасындағы алтын көпір іспетті мюзиклді тамашалауға шақырды.
    Сахнада драма, опера, эстрада, хореография секілді өнер түрлерінің басын біріктіретін музыкалық-сахналық қойылым азаттықты аңсаған кәріс халқының тарихынан сыр шертті. Онда халықтың тәуелсіздік үшін күрескен батырларының қаһармандығы мен сол жолда жанын пида еткен ерлерінің ерлігі баяндалды. Сондай-ақ 1937 жылы «Жапон тыңшысы» деген желеумен Қиыр Шығыстан күштеп қоныс аударылған кәрістердің сол қиын-қыстау кезеңдегі тартқан тауқыметі жайлы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жастар

    Алматы облысында жастарды қолдауға арналған жобалар іске қосылады

    3 years ago
    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    1 year ago
    Алматы облысында ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат басталды

    Кеген ауданының көкпаршылары облыстық біріншілікте жеңімпаз атанды

    2 years ago
    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды

    Бейбіт өмірді бағалайық

    2 years ago
    Тартысты сайыс

    Балуандар көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>