⛅
-2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбегімен елге сыйлы

    11.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Еңбегімен елге сыйлы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс», – деген еді.

    Бұл тұрғыда Балқаш өңірінің өсіп-өркендеуі жолында ұзақ жыл аянбай еңбек етіп, саналы ғұмырын осы жолға арнаған, бүгінде абырой биігінен көрініп, зейнеткерлік жасқа жетсе де, еңбектен қол үзбеген азаматтардың бірі – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізуші болып еңбек етіп жүрген Базаралды Мұсаев.
    Елу жылдан астам уақыт жүр­гізу­­­шілікті кәсіп етіп келе жат­қан Бақанас ауылының тұрғыны Базаралды Дүмшебайұлы – сабырлы қалпынан танбайтын, жүрген ор­тасына сыйлы жан. Оның еңбек жолы 1968 жылы Бақанас орман шаруашылығы мекемесінен басталды. Ол трактор рөліне алғаш отырғанда өзінің саналы ғұмырының жарқын жылдары кең даланы шиырлаған шым-шытырық жолдардың үстінде ел дәулетін еселеумен өтетінін бағамдай қоймағанда болар?!
    Базаралды аға алғашында көне қала – Ақтамның айналасын көркей­­туге атсалысты. Құландар жортқан құла түзде сексеуіл егуге қатысып, оны күтіп-баптауда өзінің еңбекқорлығымен танылды. 1970 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы азаматтық боры­шын Германияда өтеді. Мұнда да танк жүргізушісі болып, аз уақыт машықтан өткеннен кейін, ауыр техниканы ұршықша иіретін танкистердің қатарынан табылды. Бірде Германиядағы әскери округте танкистердің жарысы өтетін болды. Оған ең үздік әрі тәжірибелі деген танкистер таңдап алынып, дайындық қызу басталды. Алдағы сынақтың жүгі ауыр еді. Анау-мынау емес, танкіні «Штраус вальсімен» билету тапсырылды. Оның үстіне жарыс­ты көруге Германиядағы советтік әскерлер тобы қолбасшысының өзі келіп қатысатындықтан, міндет одан да жауапты болды. Күткен күн де келіп жетіп, жарыс та басталды. Кезегі келіп, ортаға шыққан Базаралды бастаған танк экипажындағы Андрей Федотов, Дамир Тайыров, Александр Пушкарев «Штраус вальсін» бастап келіп жіберді.
    Ауыр танкі вальс ырғағымен билеген сайын Базаралды ағаны бір сиқыр сезім баурап алды. Класси­калық ат спортының тоқтау, шегіну, шабу сияқты түрлеріндегідей өнер көрсеткен танктің әсем биі жарыс қорытындысында жоғары бағаланды. Гарнизон қолбасшылығы экипаж мүшелеріне арнайы диплом табыстап, өзгелерге танкіні қалай билетуге болатынын үлгі етті.
    Әскерден оралысымен Базаралды Дүмшебайұлы Бақанас автотран­спорт кәсіпорнына жүргізуші болып орналасып, сол мекемеде табан аудармастан 2005 жылға дейін жұмыс істеді. Осы жылдарда еліміз бойынша көптеген жерді темір тұлпарымен аралап, жолаушылардың алғысын алды. 2012 жылы «Айзат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға бел буды. Осылайша «Мерседес-Спринтер» маркалы екі шағын автобусымен «Бақанас-Құйған» бағытында күнделік­ті жолаушылар тасымалдаумен айналысты.
    Үлгілі отбасы ретінде ауылдас­тарына сыйлы Базаралды ағаның зайыбы Меліскүл Жұмашева ұзақ жыл аудандық банкте жұмыс істеді. Балаларын бақытым деп бағалайтын олар Мейраш, Гүлзат, Айзат, Абай есімді балалары мен олардан көрген немерелерінің қуаныш-қызығына қатар бөленіп жүр еді. Өкініштісі сол, жанына сүйеу болған асыл жары өмірден озды. Оның орны бүгінде ойсырап-ақ тұр.
    Өмірдің ауыр сынағына төтеп беріп, еңбектің қара қазанында қайнап келе жатқан Базаралды Дүмшебайұлы бір сәт те жұмыстан қол үзген емес. Халқымызда «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер» деген даналық сөз бар. Осы сөздің растығын дәлелдеп келе жатқан Базаралды ағаның өмір жолы жастарға үлгі.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    ҒАЛЫМ МҰРАСЫ

    ҒАЛЫМ МҰРАСЫ

    4 months ago
    Абырой биігінде

    Абырой биігінде

    1 year ago
    Алтай Көлгінов: Облыстағы саяжай мәселесін “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша шешуге болады

    Алтай Көлгінов: Алматы облысында білім сапасы төмен

    3 years ago
    Қызыққа толы күндер

    Қызыққа толы күндер

    1 year ago
    Мемлекеттік сатып алу, аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы түсіндірді

    Мемлекеттік сатып алу, аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы түсіндірді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>