⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлігі ел есінде

    06.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ерлігі  ел есінде
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Ел басына күн туған сындарлы сәтте қан майданға аттанып, Отан қорғау жолында жан қиған аталарымыздың ерлігі – ұрпаққа өнеге. Кеген өңірінің жұртшылығы майдангерлер рухына тағзым етіп, олардың есімін кейінгі буынға насихаттап келеді. Жуырда тағы бір тағылымды шараның куәсі болдық. Қарқара ауылындағы бір көшеге ерлігі ел есінде қалған «Еңбек Ері» медалінің иегері, соғыс ардагері Әжі Қайыровтың есімі берілді.

    Әжі Қайыров жауынгерлік сапта жүріп, туған жерінің бостандығы үшін жан аямай шайқасты. Ол 1903 жылы 5 ақпанда Кеген ауданы Қарқара (бұрынғы Құмтекей) ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласып, ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, үлкендердің тәлім-тәрбиесін алды. Оның бойындағы еңбекқорлық пен табандылық кейіннен соғыс жылдарында да көрініс тапты. 1941 жылы әскерге шақырылып, 92-атқыштар полкінің құрамында Сталинград шайқасына қатысқан. Бұл шайқас тарихтағы ең ауыр әрі шешуші кезеңдердің бірі еді. Сол жылдары ол тек жауынгер ғана емес, батылдығымен көзге түскен көшбасшы болды. Соғыстан жараланып елге келген қазақ сарбазы ауылдастарының алдында үлкен құрметке ие болып, шаруашылық жұмыстарына белсене араласады. Тың жерлерді игергені үшін «Еңбек Ері» медалін иеленді. Оның әрбір ісі ауыл тұрғындарына үлгі болып, жастарды еңбек етуге шақырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Жеңістің 20, 30, 40 жылдық медальдарымен, «КСРО Қарулы Күштерінің 50 жылдығы» медалімен және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

    Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

    2 years ago
    Әжеге құрмет

    Әжеге құрмет

    6 months ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    1 year ago
    Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді

    Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді

    6 days ago
    Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

    Балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>