⛅
-6°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлікке тағзым

    20.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ерлікке тағзым
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Жамбыл ауылындағы өнер мектебінде «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты тағылымды кездесу өтті. Шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің қандай үлкен күрес пен қайсарлықтың арқасында келгенін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, ел тарихына деген құрмет пен рухты күшейту.

    Алдымен оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жөнінде маңызды деректер ұсынылып, сол бір сұрапыл күндердің ащы шындығын бейнелейтін қысқаша танымдық бейнебаян көрсетілді. Сол кездегі жастардың тәуелсіздік жолындағы ерлігі мен өр рухы залға жиналғандарға ерекше әсер қалдырды. Одан кейін кештің құрметті қонақтары – Желтоқсан көтерілісінің тікелей куәгерлері, елге еңбегі сіңген азаматтар Марат Құрманқұлұлы, Қапиза Абдрашитқызы, Шәрікүл Әнуарқызы, Гүлнар Ізетқызы өз көздерімен көрген, жүректерімен сезінген сол қилы кезең туралы естеліктерімен бөлісті. Желтоқсаншылардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдаған оқушылар оларға сұрақ қойып, ұлттық рухты, отансүйгіштік қасиетті терең сезіне түсті.
    Шара барысында Тәуелсіздік күніне арналған тебіреністі жыр-арнаулар айтылып, өнер мектебінің ұстазы Абзал Мұхамедәліұлының шәкірттері орындаған әсерлі күймен жалғасын тапты. Кеш мазмұны ерлік пен елдікке тағзым, ұрпаққа өнеге болды. Тағылымды шараны киім дизайны сыныбының мұғалімдері Зайда Төлегенова мен Жанар Созақбаева ұйымдастырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қаламды серік еткен

    Қаламды серік еткен

    8 months ago
    Ата Заң – азаттығымыздың қорғаны

    Ата Заң – азаттығымыздың қорғаны

    4 weeks ago
    Тартысты сайыс

    Балуандар көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

    2 years ago
    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    2 years ago
    Қонаевта Республика күніне орай ерекше мерекелік іс-шаралар өтті

    Қонаевта Республика күніне орай ерекше мерекелік іс-шаралар өтті

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>